Өрт сөңдірушілердің еңбегі ерлікпен пара пар!

Өрт сөңдірушілердің еңбегі ерлікпен пара пар!

Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Кез келген сәтте тілсіз жау өзіңе тап беріп, немесе жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, иіс тиіп, ес жоғалтуың әбден мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тырысатын өрт сөндіруші мамандардың еңбегі ерлікпен пара пар!
Әсіресе аптап ыстық күндері өрт оқиғалары жиілей түседі. Сондықтан өрт сөндіру қызметінсіз қоғамымызды елестете алмаймыз. Осы орайда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы авариялар, облыстың ауылдық аудандарындағы су тасқыны, жол-көлік оқиғаларының салдары проблемасының неғұрлым тиімді шешімі Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, өрт сөндіруші мамандарын дайындау, өрт қызметін техникалық тұрғыдан жаңарту болып табылады. Шыны керек аяқ асты өрт тұтана қалған жағдайда кез келген адам сол жерді тастай қашуға, үрейге берілуге даяр тұрады. Ал төтенше жағдайлардағы өрт сөндіру мамандары сондай сәтте керсінше жалынның ортасына жүгіре жөнеледі. Бұл оның қызметі ғана емес, міндеті. Сондықтан кейбір жағдайларда азаматтық көмегін ұсынып, көшеде кетіп бара жатқан төтенше жағдайдың куәгері өрттен зардап шегушіні құтқаруға тырысса дереу марапаттап жататынымыз да содан. Өйткені өрт оңай жау емес. Нағыз ер азаматтарға, жүректілерге ғана тән мамандық үлкен батылдықты талап етеді. Өртті тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу аз, ол үнемі физикалық тұрғыдан дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білетін білікті маман болуы қажет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекелге байлап, өзіне қауіп төндіреді. Кез келген уақытта қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан отқа да, суға да түседі. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Төтенше жағдай кезінде өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылады. Сондықтан олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Лауазымдарының өрт сөндіруші-құтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Өртті сөндіріп қана қоймай, басқа адамдардың арашасы болып ұмтылатындары үшін құтқарушы қызметін де мамандықтарына атау ретінде тіркеді. Сондықтан өрт сөндіруші нағыз ерлердің мамандығы саналады. Өрт сөндіруші болғысы келетіндерге жоғары талап та қояды. Бұл қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Әсіресе бүгінгі күні өрт сөндіруші мамандығынсыз қоғамымызды елестете алмаймыз. Аяқ асты тұтана қалатын қауіп алдын ала ескертпейтіндіктен өрттен келетін қауіп жоғары.

Өрт сөндіру бекеттерін құрудың маңызы зор!
Осы орайда айта кетер жайт төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы авариялар, облыстың ауылдық аудандарындағы су тасқыны, жол-көлік оқиғаларының салдары проблемасының неғұрлым тиімді шешімі Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру болып табылады. Оның бір артықшылығы өрт тұтана қалған жағдайда алыс өңірге ат сабылтып жүрмей-ақ, өрт сөндіру қызметін жақыннан шақыра қоясың. Осы орайда жақында Абай ауданы Көксұн ауылында «Шанс» шаруа қожалығының базасында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуын Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы И. Д. Күлшімбаев аудандардың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен өткізді. Аталмыш қызметтің ашылуы ең алдымен ауыл халқын қуантты. Оның үстіне Өрт сөндіру бекеттері жылытылатын бокстармен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Қару-жарақ АЦ-30 өрт сөндіру автомобилі, жауынгерлік кезекшілікке 5 адам постының жеке құрамы кірді. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен жабдықталған. Яғни жаңа өрт сөндіру бекетінің құрамы да, техникасы да талапқа сай. Жаңадан құрылған командалар жануға шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа көмек көрсетеді. «Жаман айтпай жақсы жоқ», өңірдегі өрттің алдын алуда жаңадан құрылуған өрт сөндіру қызметінің маңызы зор деп күтілуде. Ауыл тұрғындары да осы бекеттің салтанатты ашылуына үлкен ризашылықпен келді, себебі бұл Көксұн ауылындағы ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Айта кетер жайт, облыстың көптеген елді мекендері аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдеріне көліктік қолжетімділік тұрғысынан өте тәуелді. Осы орайда Қарағанды облысы Абай ауданы Көксұн ауылында ашылған өрт сөндіру қызметі еліміздегі төтенше жағдайлардың алдын алуда жасалып отырған игі қадам ретінде жоғарғы бағаға ие болып отыр.

Еліміздің өрт сөндіру қызметі күшейіп келеді
Шыны керек, өрт сөндірушілерге айтылар сын көп. «Мал ашуы жан ашуы» деп қауіпсіздік ережесін сақтамаған тұрғындар, дүние мүлкі отқа оранған соң бәріне өрт сөндірушілерді айыптап жатады. Қолдарынан келгенінше бар мүмкіндіктерін жасайтын өрт сөндірушілердің қандай қауіппен бетпе бет келгенін тұрғындар сезінбейтін де секілді. Кеше ғана Арыс қаласында орын алған алапат өрттен соң өрт сөндіру қызметкерлерінің мектептің спорт залында сұлай сұлай кетіп, әлдері жеткен жерінде демалып жатқан суреті талай адамды тебірентті. Бірнеше сағат тілсіз жаумен арпалысу оңай емес. Әйтсе де еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі халықтың талабына сай болып, төтенше жағдайдың алдын алуға барынша дайын болуға тырысуда. Ол үшін техникаларын жаңартып, жаңадан өрт сөндіру бекеттерін ашуда. Жоғарыдағы Абай ауылының Көксұн ауылында ашылып жатқан жаңа өрт сөндіру бекеті соның дәлелі.
Осы орайда Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров елдегі өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық базаны жетілдіру керек екенін атап өткен болатын. Сондықтан төтеншелік мамандар елдегі өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық базаны, сонымен қатар отқа қарсы күрес қызметінің және ерікті құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіру үшін жұмыстар жүргізуде.
Мәселен 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, былтыр ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылған болатын. Жыл сайын еліміздің әр өңірінде осылайша төтеншелік мамандардың техникалары жаңартылып отыруда. Биыл Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 24 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде жаңадан талай өрт сөндіру бекеттері ашылып, олар техникалық, материалдық тұрғыдан жаңару үстінде. Заманауи талапқа сай техникалармен қамтамасыз етілуде. Мәселен қазір елімізде көп қабатты үйлер бұлтпен таласып биіктей түсуде. Сондықтан өрт сөндіру қызметі де сол талапқа сай болуы үшін заманауи техникалар сатып алуда. Өйткені мұндай көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру техникаларының өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізеді. Демек халықты қорғау мақсатында еліміздің Төтенше жағдайлар қызметі барынша техникалывқ тұрғыдан, кадрларымен де жаңару үстінде деп айта аламыз. Еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін барынша қосуда. Осы орайда ұлттың қауіпсіздігі үшін төтеншелік мамандарымыз сақадай сай болуға тырысуда.
Қуаныш Ерсұңқар
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста