Төтенше жағдай

ШҚО Өзбекстанмен біріге отырып туризм саласын дамытуды қолға алды

  • ШҚО Өзбекстанмен біріге отырып туризм саласын дамытуды қолға алды

    ШҚО Өзбекстанмен біріге отырып туризм саласын дамытуды қолға алды

Еліміздегі өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында макроөңірлерді дамыту тетіктері жан-жақты талқыланып, аймақтық ерекшеліктеріне және туристік әлеуетіне қарай туризмді дамыту жөнінде нақты жоспарлар жасалған. Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысында ілкімді істер мен нақты шаралар көптеп атқарылуда.


Атап айтасақ Шығыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан туризм саласын бірлесе дамытуды көздеп отыр. Бастама бауырлас елдердің тұрғындарына мол мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, қасиетті орындарын көрсетуді көздейді. Бұл туралы ҚР Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Нияходжаев облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевпен кездесу кезінде тілге тиек етті. Тараптар сондай-ақ, екіжақты әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, ШҚО мен Өзбекстанның экономикалық қарым-қатынасы жоғары деңгейде өрбіп келеді.


Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев Саидикрам Ниязходжаевты Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қысқаша таныстырды. Бүгінде Шығыс елдегі өнеркәсіптік-индустриялық сала қарыштаған облыс. Экономиканың базалық саласы түсті металлургия екенін ескерсек, өңірде тау-кен өндірісі, металл өңдеу өнеркәсібі және гидроэнергетика қарқынды дамуда. Аграрлық секторда және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларының да мүмкіндігі артып келеді.

- ШҚО еліміздің ірі агроөнеркәсіптік аймағы. Біз өзбек әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестік құруға дайынбыз. Аймақта Өзбекстанмен бірлескен 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кездесу екі елдің арасында ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ықпал ететініне сенімім зор, - деді Ерлан Қапарұлы.

Өз кезегінде Өзбекстан елшісі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы екі жақты қарым - қатынасты ары қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

– Қазақстанмен бауырластық қарым - қатынасты сақтау біз үшін өте маңызды. Сапар барысында аймақтың тынысымен және агроөнеркәсіп кешенінің даму барысымен танысуды көздеп отырмын. Сондай-ақ, туризмді дамыту мәселесі де қызықтырады. Шығыс Қазақстан облысында тамаша табиғат, бірегей тарихи орындар бар. Өзбекстанда да тарихи ескерткіштер, киелі орындар бар. Олар сөзсіз, біздің халықтарымызды жақындастырады, сондықтан бірлескен сапарлар ұйымдастыру жоспары бар, - деді Саидикрам Ниязходжаев.

Айта кетейік, өткен жылы ШҚО мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2 млрд. долларды құрады. 2018 жылдың 6 айындағы көрсеткіш - 1 млрд. 4 млн. доллар. Биыл бұл санды 3 млрд. долларға дейін арттыру жоспары жасалған.


 


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31