Аймақ

Шығыста жол салу, жөндеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда

  • Шығыста жол салу, жөндеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда

    Шығыста жол салу, жөндеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, олардың экономикасын әртараптандыру, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары арқылы, сондай-ақ деңгейлес интеграция арқылы жүргізілетіні айтылған.

Орталық-Шығыс макроөңірінде қалалар арасындағы байланыс қарқындап дамитынына баса назар аударылған. Соның ішіде Өскемен қалаласында басқа макроөңірлердің хаб-қалаларымен байланыстыратын жоғары сапалы көліктік инфрақұрылымды реконструкциялау, сапалы көліктік қатынасын қамтамасыз ету қарастырылған. Осы мақсатта өңірде атқарылып жатқан істер де аз емес.

Ресми мәліметтерге көз жүгіртсек Шығыс Қазақстанда «Орталық - Шығыс» дәлізін қайта құру аясында 5 автожол жобасы жүзеге асырылмақ. Нақты айтсақ, жалпы ұзындығы 161 шақырымды құрайтын «Омбы-Майқапшағай», «Таскескен-Бақты», «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытындағы автожолдарды жөнделмек. 2018 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 138 шақырымдық аумағы орташа жөнделмекші. Аймақта жалпы республикалық маңызы бар 3,414 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар биыл шетелдік инвестицияның есебінен республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы» және «Қалбатау-Майқапшағай» автокөлік жолдары қайта жөнделіп жаңартылуда.

Облыс орталығындағы, шағын қалалармен ауылдардағы жол жөндеу жұмыстары да қызу жүріп жатыр деуге болады. Атап айтар болсақ, Өскемен қаласындағы Қазақстан мен Сәтбаев даңғылын жалғастырып тұрған Ертіс көпірін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс туралы көпірдің сапасын бақылайтын ғалымдардың айтуына қарағанда, көпірге 6 қатар жол салынбақ болған екен. Алайда облыс басшылығы жобаны қайта қарап, нәтижесінде көпір 8 жолақты болып қайта жөнделу үстінде дейді мамандар. Онда велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та салынуда. Көпірдің ұзындығы – 323,3 метр, ені 43,1 метр болады деп жоспарланған. Жауапты мекемелердің мәліметіне қарағанда көпір осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Ресми деректерде құрылыс жұмысына 10 341 850,11 мың теңге қаражат жұмсалғаны көрсетілген.

Ал, осы жылдың тамыз айында жөндеуге жабылған Үлбі көпірі қыркүйек айының аяғында пайдалануға берілмек. Ұсақ-түйек жұмыстары атқарылып көпір жақтауларын сырлануда. Көлік жолы екі жақтағы адам жолының есебінен кеңейтіліп жаяу жүргіншілерге арналған жол көпірдің ортасына орналасқан.

Кеше облыс әкімі Зырянға жұмыс сапарымен барып депутаттар мен жол жөндеушілердің жұмысын қадағалап, жауапты мекемелерге сын-ескертпелерін айтты. Биыл Зырян ауданы аумағындағы жолдарды жөндеуге бюджеттен 613 миллион теңге қарастырылыпты. Кездесу барысында Даниял Ахметов әЖол мәселесімен депутаттар айналысуы керек. Халық сіздерді сол үшін таңдады. ТҮКШ мекемесінің қызметін қадағалап отырыңыздарә, – деп атап өтті.


Нұрлы Еділов


 


 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31