Төтенше жағдай

Суға түсушілер судағы қауіпсіздік ережесін ескере бермейді

  • Суға түсушілер судағы қауіпсіздік ережесін ескере бермейді

    Суға түсушілер судағы қауіпсіздік ережесін ескере бермейді

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша биылғы жылы суға шомылу маусымы басталғалы бері 300-ге жуық адам суға батып кеткен. Өкініштісі сол, суға кетушілердің елеулі бөлігін балалар құрайды. Ата аналардың немқұрайдылығы, қауіпсіздік ережесін сақтамауы балалардың төтенше жағдайдың құрбаны болуына әкеліп соғып отыр. Осы орайда айта кетер жайт, 130-ға жуық бала биыл суға кетіп, ажал құшқан.
Мамандардың зерттеуінше, адамдардың суға батып кетіп, төтенше жағдай тудыруының басты себебі - шомылуға болмайтын орындарға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру және мас күйде шомылу секілді факторлар екен. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің келтірген мәліметінше "Көбіне мұндай оқиғалар адамның өзіне қатты сенгеніне, күші мен мүмкіндігін артық бағалауына, суда жүзу ережесін орындамауына байланысты болып жататын" көрінеді. Айта кетер жайт, еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жыл сайын жаз айы басталып, суға түсу маусымы басталысымен тұрғындарды суда жүзудегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, алкоголь және есірткі қолданған кезде шомылмауға шақырады. Құтқарушылары жоқ аймақта мүлдем суға түсуге болмайтынын қатаң ескертеді. Алайда тұрғындардың бейқамдығы, айтылған ескертулерге құлақ аспауының соңы төтенше жағдайдың көбеюіне алып келіп соғып отыр. Шыны керек, мұндай жағдай мамандарды да алаңдатып отыр. Осы орайда медицина ғылымының докторы профессор Белгібай Шахметов "қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындарға қатысты талапты күшейту керек" деген пікірде.
Белгібай Шахметов, Медицина ғылымының докторы, профессор, нарколог:
- Бізде көбінесе өзінің қауіпсіздігі үшін айтылып жатқан нәрсені ескермейді. Күн ыстық болғанымен, судың тез жылып үлгермеуі салдарынан адамдардың сіңірі тартылып, тыныс алуы қиындап, жүрек соғысы тоқтап қалуы жиі кездесіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше рұқсат етілген аймақтарда ғана суға шомылу керек. Ең болмаса оқыс жағдай туындаған кезде құтқарушылар көмекке келіп үлгереді. Осы орайда айта кетер жайт, жалпы елімізде қауіпсіздік ережелері ескеріле бермейді. Кез келген жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталған жағдайда төтенше жағдайлар мұндай көп болмас еді. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға қатысты айыппұл төлету секілді жауапкершілігін көтеретін жағдайларды қарастыруымыз керек. Сондай-ақ суға кетіп қайтыс болушылар туралы ашық айтылып, телеарна мен баспасөз беттерінді сақтандыру шаралары жиі насихатталуы қажет. Өрт пен су тілсіз жау. Тілсіз жаумен күрестің алдын алудың басты шарты қауіпсіздік шараларына мән беру екенін түсінетін кез жетті.


Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 09:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31