Аймақ

Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандары жіті тексерілді

  • Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандары жіті тексерілді

    Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандары жіті тексерілді

Мемлекетімізде іске асырылып жатқан өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға , өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған. Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ тұтастай ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты және түсінікті құралдарын қамтиды. Сондықтан әр аймақтың өзіңдік ерекшеліктеріне сай және жалпы қажеттіліктерге негізделген көптеген шаралар осы бағдарлама аясында іске асырылып келеді.

Бұл бағытта Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Аймақтағы және облыс орталығындағы құрылыс нысандарының жұмысы әрдайым әкімдіктің назарында деуге болады. Осы айдың басында өңір басшысы Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылған жұмыстарды жіті тексеріп шықты. Әкім аралауды облыстық балалар ауруханасының жанынан салынған қосалқы ғимараттың құрылысынан бастады. Былтырғы жылдың мамыр айында басталған ғимараттың құрылысы толығымен аяқталған. Қазір ең озық үлгідегі медициналық құрал жабдықтар орнатылу үстінде. Бұл ғимарат балалар неонаталдық хирургия бөлімі ретінде қызмет көрсетпек. Мамандардың айтуынша, нәресте өлімін болдырмауға, түрлі ақаулармен дүниеге келген сәбилерге ота жасау арқылы өмірін сақтап қалуға мүмкіндік жасайды. Аурухана жанынан салынған қосалқы ғимарат құрылысының құны – 896,2 млн теңге болыпты, Құрылыс жұмыстарын «Алматы-Construction БМ» атқарған. Аурухана ғимараттындағы палаталарды, жан сақтау, таңу және басқа да бөлмелерді аралап көрген облыс әкімі А. Баталов оларда орнатылып жатқан медициналық құрал-жабдықтардың, жиһаздардың сапасына назар аударып, кереуеттерді ауыстыруды тапсырды. Сонымен қатар нысанның жылыту маусымына дайындығын тағы бір мәрте пысықтау керектігін де баса айтты. Ауласын толық абаттандыруымен қоса қазіргі қолданыстағы балалар ауруханасын жөндеуді келесі жылдың жоспарына енгізу туралы тапсырма берді.

Бұдан кейін облыс әкімі орталық алаңдағы фонтандарды жөндеу мен жаңа фонтандар орнату ісімен, оның іргелес алаңындағы жұмыстармен танысып шықты. Жетісудың жеті өзенін бейнелейтін жеті субұрқақтың құрылыс жұмыстарымен «Асат Құрылыс» мекемесі айналысып жатыр. Алаңның айналасы көріктендіріліп, мұнда өсімдіктің екі жүзге тарта түрі отырғызылмақ. Абаттандыру жұмысымен «Polesie» ЖШС айналысуда. Аталған мекеменің директоры Елена Чернецкая облыс әкіміне көгалдандыру бойынша жасалатын жұмыста жөнінде айтып берді. Оның айтуына қарағанда, бұл жерде жемісті-декоративті ағаштардың, бұталардың, гүлдердің, көгалдың түстерін және формаларын үйлестіруге баса назар аударылып, ландшафтық дизайны шығыс стиліндегі тақырыптық бақ орнатылады деп жоспарланған. Өңір басшысы А. Баталов субұрқақ еденінің төсемелеріне, алаңды көгалдандыру дизайнына, жаяу жүргіншілер жолын төсеу бағыттарына қатысты бірқатар сыни ескертпелер айтып, жоспарға өзгерістер жасады.

Облыс басшысы келесі кезекте Тәуелсіздік көшесінің ақын Сара мен Біржан сал көшелерінің аралығындағы бөлігінде салынып жатқан скверге ат басын бұрды. Бұл жерде әкім қураған талдарды жойып, орнына жаңадан түрлі ағаштар отырғызуды, сквердің көшеге шығатын және тұрғын үйге қараған аумақтарын да үйлесімді жасау керектігін айтып нақты тапсырмалар берді. Тәуелсіздік көшесіндегі үйлердің абаттандырылған ауласына барған облыс әкімі Амандық Баталов мұнда да көптеген кемшіліктерді байқап, ескерту жасады. Ауладағы қоршаулардың боялған түсіне дейін назар аударып, үйлеспей тұрған тұстарын көрсетіп берді. Осы сияқты көптеген ескертпелер айтылып жұмысты жасап жатқан мекеме бұл кемшіліктерді жойып барлығын қайтадан жасау жөнінде тапсырма алды.

Аралау барысында Амандық Ғаббасұлы музыкалық мектепті және жаңа драма театр ғимаратында көріп шықты.

Осының бәрін қадағалап, танысып шыққан әкім жауапты адамдарға нақты тапсырмалар беріп, қала көркін көркейтуге, құрлыстардың сапасына басар назар аудару керегін айтты. Осындай нақты қадағалаумен жүргізілген жұмыстардың барлық кемшіліктері жойылып халық игілігіне айналарына сөзсіз.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 18:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31