Төтенше жағдай

Тілсіз жаумен күрес күшейтіліп келеді!

  • Тілсіз жаумен күрес күшейтіліп келеді!

    Тілсіз жаумен күрес күшейтіліп келеді!

Өрт тілсіз жау! Сондықтан тілсіз жаумен күрестің алдын алмасаң, одан келетін қауіп те, материалдық шығын да арта бермек. Әсіресе жаздың ыстық күндерінде өрт қаупі арта береді. Мұны қолда бар статистикалық мәліметтер де растай түседі. 


Өрттің негізгі себептері үй құрылысында ағашты немесе өртке бейім материалдарды пайдалану, сондай-ақ, құрғақ жинақталмаған шөптер мен сөндірілмеген шылым және үйдегі электрсымдарының ақаулығы болып табылады. Әсіресе соңғы кездері құрылыс материалдарын пайдалану кезінде өртке бейім материалдарды көп қолдану өрттің алдын алуға кедергі келтіруде. Сондықтан өрт қауіпті саналатын кезеңде  еліміздің барлық өңіріндегі төтенше жағдайларға жауапты мекеме өкілдері сол аймақтағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігі жөнінде ескерту шараларын,  рейдтер жүргізеді. Профилактикалық рейдтер барысында үйлерді аралау мен нұсқаулық буклеттер таратылады. 

Қызметкерлер тұрғындарды жаздың тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа-райында саяжай ауылдарында, бақша учаскелерінде от жағуға, өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізуге, көмірмен жанатын пештерді, қазандық қондырғылары мен асүйлік ошақтарды жағуға болмайтынын ескертеді. Және қауіптің алдын алу мақсатында, тәжірибе жүзінде оларды қауіпті жағдайлармен таныстырады. 

Аталған бағыттағы жиі өткізіліп жатқан рейдтік шаралар, түсіндірме жұмыстар мен өрт қауіпсіздік ережесі бойынша жадынама тарату – адамдардың қайғылы жағдайларға ұшырамауына және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы орайда үйіңіз бен жеке мүлкіңізді сақтағыңыз келсе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар! Әр азамат өз өмірінің құндылығын біліп, қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарағанда ғана төтенше жағдайлардың алдын ала аламыз!


Қуаныш Ерсұңқар




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 00:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31