Төтенше жағдай

Төтенше жағдай кезінде төтеншелік мамандар қарап отырмайды

  • Төтенше жағдай кезінде төтеншелік мамандар қарап отырмайды

    Төтенше жағдай кезінде төтеншелік мамандар қарап отырмайды

Биыл жыл басынан бері әлемді жайлаған пандемиялық жағдайға орай елімізде бірнеше рет республика көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Негізі төтенше жағдай – белгілі бір аумақта халықтың өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыстар, апаттар, стихиялық немесе басқаша түрде болатын апаттар арқылы, халықты материалдық шығындарға ұшыратып, олардың денсаулықтарына залал келтіретін, адам құрбандығына алып келетін жағдайлардың орын алуы. Соның ішінде көптеген адамның созылмалы ауруларын одан әрі қоздырып, дем жетпей, өлім жітім жағдайды көбейткен коронавирустық жағдай да халық үшін қауіпті деп танылып, төтенше жағдай жариялануда.
Төтенше жағдай аясында халық сақтық ережелерін мұқият сақтап, мемлекет тарапынан қойылған барлық ережелерді орындайтын болса індетті тезірек жеңіп, қалыпты өмірге ораларымыз анық. Алайда әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беріп, жасырып той өткізіп, тығылып ас берушілер, одан қалды блок бекеттен заңсыз өтуге тырысқандар, төтенше жағдай ережесіне бағынбаушылар індеттің одан әрі таралып, елімізде екінші қайтара төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен қажетті қаражат бөлінді. Сондай-ақ, медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарды бақылау шарасы күшейтілді. Мұнымен қоса, орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, ел аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатындағы шаралар қабылдануда.
Төтенше жағдай кезінде елді үрейлендіретін ақпарат тарату да өте қауіпті. Алайда шыны керек, төтенше жағдай басталғалы ел ішінде үрей туғызып, дәрі дәрмектің таусылғанын, тікұшақпен вирус шашып жүргендердің бар екенін немесе балаларға арналған арнайы коронавирустыңң инфекциясы шыққанын айтып, түрлі жалған ақпарат таратушылар толастаған емес. Ескере кетер жайт, төтенше жағдай кезінде аталған режимді бұзғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар заң алдында жауап береді. Сондай-ақ

– Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режимді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабымен 10 айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл немесе 10 тәулікке қамаққа алынады;
– Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелеген әрекеттері үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478 бабымен 40 айлық есеп көрсеткіші бойынша айыппұл немесе 30 тәулікке қамаққа алу;
– Мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін, БАҚ құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, төтенше жағдай кезінде көренеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274 бабымен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығына шектеу немесе айыруға жауаптылық қаралған. Сондықтан онсыз да халық індеттен қорқып жүргенде, одан әрі үрейлендірудің салдары ауыр болмақ. Төтенше жағдай кезінде тиісті орындардың бақылауына көнбей тұрған тағы бір жайт, ел ішінде тойлардың, әртүрлі жиындардың толастамауы болып тұр. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тойларға тыйым салуды қатаңдатып, ел ішінде түсіндіру жұмыстарының әлсіз болып жатқанын, ақпараттандыруды күшейту туралы айтты. Атап айтқанда, мұндай жағдай төтенше жағдай режиміне бағынбай адамдардың отбасылық жиындарға жиналуы Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкент қаласында байқалады. «Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді» – деп мәлімдеді президент. Яғни халық әлі де болса төтенше жағдай салдарын бағамдай алмауда.
Расында да халқымыздың қай салада болмасын қауіпсіздіктің алдын алуға, төтенше жағдайға бейімделуге, төтенше жағдай талаптарын орындауға аса бейім емес екенін байқап отырмыз. Қалыптасқан төтенше жағдайға орай індеттің қаншалықты қауіпті екені сан мәрте айтылса да, сенбеу, түрлі болжамдар айтып, халықты адастыру, жалған мәліметтер тарату бүгінгі күні жағдайды ушықтырып тұруы осының айғағы. Негізінен төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, қажетті шаралар қолға алынады, алайда халықтың қарсылық көрсетіп, төтенше жағдайға қарамастан халық көп жиналатын жерлерді ашуын талап етуі, індеттің қауіптілігін түсінбеу ғана емес, төтенше жағдайдың маңыздылығын ұқпау секілді. Сондықтан мемлекет тарапынан төтенше жағдай талаптары, салынатын айыппұлдар бірнеше рет күшейтілді.
Бұл төтенше жағдайдың орыны бөлек болғанымен төтенше жағдайлар қызметі халықты індеттен сақтауы үшін қолдан келгенін істеп, барлық төтеншелік мамандар жұмылдырылуда. Мәселен ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының құрама жасағы Көкшетау қаласы әкімдігінің жоспары бойынша коронавирустық инфекциямен күресуде өзінің еңбек вахтасын жалғастыруда. Қазіргі уақытта, дезинфекциямен қатар, КТИ қызметкерлері одан да маңызды жұмысқа кірісті – бұл Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың дермато-венерологиялық орталығы базасында құрылған провизорлық бөлімшенің реанимациясы үздіксіз жұмыс істеу үшін оттегі баллондарын жедел жеткізу. Қазіргі уақытта мұнда COVID белгілері бар науқастар ем алуда, олардың бір бөлігі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Олар үшін оттегі бар баллондарды пайдалануға дайын-өмірлік маңызды мәселе, сондықтан КТИ қызметкерлері күн сайын, демалыссыз жұмыс істеуде. Баллонның салмағы 70 кг-нан асады, тиісінше жақсы дене пішіні мен төзімділігі қажет. Ал төтеншелік мамандар бұл талапқа сай. Сондықтан қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтай отырып, төтеншелік қызметкерлер жақсы қызмет көрсетуде.
Нұршай Үйсінтайқызы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің бас сарапшысы:
Басқа кездегі төтенше жағдай мен коронавирустық жағдайдағы төтенше жағдайды бөле жара қарауға болмайды. Тіпті мұндай кезде төтенше жағдай ережесін екі есе орындау қажет. Қазір халыққа тауға шығып демалмауға, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырып жатырмыз. Бұл біріншіден демалушылардың әлеуметтік арақашықтығын сақтау үшін болса, екіншіден өрт тұтана қалған жағдайда өрт сөндірушілердің жеке бас қауіпсіздігіне нұқсан келтіреміз. Бірлі жарым өрт сөндіруші өртпен күресе алмасы анық. Еріксіз өрт сөндірушілердің топтасып, өртпен арпалысып, арақашықты сақтамай, вирус жұқтыру қаупін арттыруға себеп боламыз. Осылайша бір адамның қателігі бірнеше адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтық пен масканы киюдің ең қарапайым ережелерін сақтай отырып, өздерін және жақындарын сақтауға үндеуіміз керек.

Қуаныш Ермекова


 




Көрілген: 1004    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31