Төтенше жағдай

Төтенше жағдайға ақпараттық заманауи технологиямыз сай ма?

  • Төтенше жағдайға ақпараттық заманауи технологиямыз сай ма?

    Төтенше жағдайға ақпараттық заманауи технологиямыз сай ма?

Қанша жерден төтенше жағдайдың алдын алуға тырысқанымызбен, уақыт өте адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Өйткені адамзат дамуы бір орында қалып қалмайды. Ал ұдайы даму үстіндегі адамзат қозғалысы қоршаған ортаға өзінің зиянын тигізері анық. Осы орайда Техногенді сипаттағы төтенше жағдай деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтатынын еске салып өтуге болады. Демек адамзат дамуымен бірге, техногенді сипаттағы апаттардың да түрлері көбейе бермек.

Мұндай апаттарға да сипатына қарай, заманның озық технологияларының көмегімен қарсы тұрмасақ болмайды.

Осы орайда халықты түрлі қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, және сол арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызы зор! Қазіргі таңда бұл тәсіл сәтті қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды ескертіп, сақтандыратын Төтенше жағдайлар комитетіне СМС-хабарламалар жүйесін, қолындағы ұялы телефон арқылы елімізідң әрбір тұрғыны өз пайдасына жарата алады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жаңа стратегиялық мақсатқа жету жолында – еліміздегі төтенше жағдайлары қызметіне халықты және аумақты қорғау жүйесін де әлемдік стандарттарға сай жасау қажеттігі аталып өтілген. Ол үшін, заман талап етіп отырғандай, бүкіл Қазақстан азаматтарын Азаматтық қорғау саласы бойынша оқытып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт – насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керекті айтылған. Бүгінде еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті апаттардың алдын алу мақсатында барынша, заманауи технологияларды пайдаланып, жұмыс істеуде. Дәл қазіргі таңда Төтенше жағдайлар Комитетінің ғана емес, жер жердегі барлық Департаменттерінің де сайттары толығымен жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар Комитетінің http://www.emer.gov.kz/kz/ сайтынан барлық ақпаратты оғай табуға болады. Әсіресе халық үшін Төтенше жағдай кезіндегі халықтың әрекеттері, Аммиак төгілуінен болатын авариялардағы іс-қимыл, Көліктегі авариялар кезіндегі іс-қимыл, Хлор төгілуінен болатын авариялардағы іс-қимыл, Радиоактивті ластанған жердегі іс-қимыл, Сынап төгілген кездегі іс-қимыл, ҚӘУЗ жарақаттанғаннан кейінгі алғашқы көмек, Жарылыстар мен өрттер болған авариялар кезіндегі іс-қимыл, зардап шегушіге қалай алғашқы медициналық көмек көрсетуге болады секілді бөлімдерден кез келген азамат өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін негізгі ережелермен таныса алады. Одан да басқа халықты оқыту және құлақтандыру мақсатындағы көптеген іс-шаралармен танысуға болады. Сайттар қарапайым халықтың қолдануы үшін қарапайым жасалған.

Сондай-ақ су тасқыны қаупі мен туындауы туралы халықты құлақтандыру үшін 1764 электрлік сирена пайдаланылуы мүмкін, олардың ішінде 945 электрлік сирена орталықтан және 819 электрлік сирена жергілікті жерлерден іске қосылады, бұл республика аумағында тұратын 60%-ға жуық халықты қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігі халықты құлақтандыру жүйелерін ішінара жаңғыртты, оған 77 дауыс зорайтқыш құрылғысын орнату кірді. Оңтүстік Қазақстан облысында ұжымдық құлақтандыру жүйелерінің 13 жинағы және 11 электрлік сирена орнатылды. Ақмола облысының әкімдігі 2 электрлік сиренаны және аудандық буындағы құлақтандырудың 2 жүйесіне жабдық сатып алды.

«Сақтансаң - сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастыруда. Түрлі қысқа брошюралар мен бейне ескертулер дайындалған. Мәселен ел аумағының 60 пайызын шөл дала саналатын дала өрті туралы және оның себептері жайлы арнайы видеода көптеген ақпараттар бар. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Тіпті үйіңізде өрт шыққан жағдайда не істеу керектігі жайлы нақты әрі қысқа да нұсқа мәлімет бейнекөрініс арқылы түсіндірілген. Қыс мезгілі таяған тұста пештегі ақаудан болатын өрт оқиғалары көп орын алады. Ендеше оның алдын алу жайлы нұсқауларды да ұялы телефондағы қосымша арқылы оңай табуға болады.

Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіптен қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның көктем кезінде су тасқынына байланысты болған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Су тасқыны тұтас бір ауылды қиратып кетті.

Орын алған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді. Өткен жылы алғашқы жарты жылдықта Азаматтық қорғау органдары қызметінің нәтижесі бойынша

Республика аумағында 7 230 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген, онда 1 585 адам зардап шегіп, оның ішінде 492 адам қаза болды. Материалдық нұқсан 1 055,9 млн. теңгені құрады.«112» шұғыл қызмет телефонына азаматтардан 2 млн. 824 мың 37 қоңырау, оның ішінде «101»-ге 945 мың 261 қоңырау келіп түсті.

Осы төтенше оқиғалар салдарын жою үшін өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқарушылар және ТЖ өзге бөлімшелері 31 мың 262 шығуды жүзеге асырды, 6 413 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 20 731 адам көшірілді, 3 004 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі 23 456 – дабыл бойынша шығуды жүзеге асырған. Бұл жұмыстардың қай қайсысы болмасын бүгінде заманауи құрылғылар арқылы оңай басқарылып келеді. Демек заманауи ақпараттық технологиялар төтеншеліктердің жұмысын біршама жеңілдетті деп айта аламыз. Тұтасымен алып қарағанда, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мониторинг жүргізу, төтенше жағдайлар банкін, болжау әдістерін жасауды, оның алдын алуды, бақылауды және қорғау құралдарын ойластыруды, болжай білу, салдарларын бағалау және жою бойынша ғылыми-техникалық және мақсаттық бағытталған бағдарламалар жұмыс істеуде.

Қуаныш Ерсұңқар


 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 02:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31