Төтенше жағдай

Төтенше жағдайға орай жедел желі жұмыс істеуде

  • Төтенше жағдайға орай жедел желі жұмыс істеуде

    Төтенше жағдайға орай жедел желі жұмыс істеуде

Арыс қаласында орын алған Төтенше жағдайға орай жедел желі жұмыс істеуде. ҚР ІІМ ТЖ комитетіне қарасты, сондай-ақ барлық аумақтық бөлімшелерде «Қауырт желі» жұмыс жасайды: 8(7172)53-32-84, 53-32-79, нөмірлері арқылы тәулік бойы кез келген азамат қажетті ақпаратты ала алады. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күні жедел желі арқылы 5000-ға жуық қоңырау келіп түскен. Сансыраған көпшілікке жөн сілтеуде жедел желінің атқарар қызметі зор болып отыр. 


Бүгінде қалада 15 эвакуациялық пункт жұмыс істейді. Арыс қаласынан келген 600-ден астам адам мен балалар 11 эвакопунктке орналастырылған. Барлық жоғалған балалар Самал-3 шағын ауданы, Арғынбеков көшесі Назарбеков атындағы №87 мектептің эвакопунктіне орналастырылды. Эвакуацияланған тұрғындар ыстық тамақпен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Эвакопунктерде дәрігер мен медбикелер жұмыс істейтін медициналық пункттер жұмыс істейді. «Ақ мешіт» мешітінің жанындағы автожолдарда еріктілер Арыстан келген жолаушыларға су таратуда. Тұрғындар мен кәсіпкерлер гуманитарлық көмек көрсетуде: азық-түлік, киім және басқа да қажетті заттар алып келіп жатыр. Шымкент қаласы Төтенше Жағдайлар  Департаментінде қосымша +7702-904-26-39 нөмірінде «Whatsapp» желісі ашылды. Бұл байланыс құралдарының барлығы адасқан туыстар мен жанұя мүшелерінің табылуы үшін, ата-аналарынан ажырап қалған балалардың уақытылы табылуы үшін жұмыс істеуде. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Арыс балалары» тобы ашылған. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күнде ата-анасынан ажырап қалған 28 бала, келер күні түске дейін 67 бала табылған. Заманауи ақпараттық құралдардың жетістіктерін Төтенше жағдайлар қызметінің тиімді пайдалануының арқасында бүгінде адасқан жұртшылықтың бір бірін табуына әлеуметтік желілердің, ұялы телефон қосымшаларының пайдасы көп тиіп тұр. Сондай-ақ бұл жұмыстарға еріктілер де көмек көрсетуде. 


Төтенше жағдайдың келер күні яғни 25 маусымда сағат 12.00-де қауырт желі бойынша еліміздің барлық өнірлерінен, жақын және алыс шет елдерден 47365 қоңырау келіп түскен. Қалада 15 эвакуациялық пункт жұмыс істеп, қосымша тағы 10 кабылдау-эвакуациялық пункттері ұйымдастырылады. Қауырт желі бойынша адамдар Арыс қаласының тұрғындарына қайырымдылық қолын созуға, көмек көрсету туралы ұсыныстарымен хабарласуда.Эвакопунктерде медициналық пункттер жұмыс істейді, ол жерде 3124 адам медициналық тексеруден өтті. Оның ішінде 39 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, 2 ота жүргізілді. Жедел медициналық бригадалры бір сағаттың ішінде 50-ден аса азаматтарға көмек көрсетуде. Жалпы қала бойынша 312 медқызметкерлер жұмылдырыған.

«Ақ мешіт» мешітінде Өрт сөндіру қызметінің мамандары Арыс қаласының жоғалған тұрғындарын есепке алуда. Жоғалған туыстарын іздестіруге, оларды Шымкент қаласына жеткізуге көмек көрсетуде.


"Тас түскен жеріне ауыр" деп бекер айтпайды, Арыс қаласында орын алған жағдайға орай алматылық төтеншеліктер көмек қолын созуға ең алдымен ұмтылуда. Алматы қаласының ТЖД ұжымы Алматы қаласының өрт сөндіру Қызметімен бірлесіп, оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдап, төтенше жағдайдың екінші күні жиналған қаражатты аударды. 1300 Алматылық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, жалпы сомасы 3 млн. 732 мың теңге көлеміндегі бір күндік еңбек ақыларын аударды. Қаражат «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қорына жіберілді.

Сонымен қатар,Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайларға байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде де «Шұғыл желісі» ұйымдастырылды: Алматы қаласының Төтенше жағдай департаментіндегі «Шұғыл желі» (278-20-83, 278-20-84) жүйесі арқылы ұйымдастырылып, онда психологтар мен төтенше жағдайлар мамандары 100-ден астам қоңырауды өңдеді. Қала тұрғындарына ақшаны қалай және қайда аударуға болатынын, Түркістан облысына пойыздардың қозғалысы және т.б. қалпына келтірілгені туралы түсіндірілді.

Әкімдік және Алматы қаласының ТЖД-мен Арыс қаласындағы терезелері сынған, кейбір үйлердің шатырлары бұзылған 7 мыңдай үйге көмек көрсету мақсатында қажетті құрылыс материалдарын (сылақ қоспалары, су эмульсиясы, әрлеу және шатыр материалдарын, шыны құрал саймандарды) қабылдау үйлестірілген. Қазіргі таңда қала бойынша еріктілерде аталмыш мекен жайға  құрылыс заттарын әкеліп тапсыруда. 

Көмек бергісі келгендер болса, Алматы қаласы Сүйінбай даңғылы 224 үйде орналасқан «Алматы қаласының құтқару Қызметі» МҚК-да құрылыс материалдарын қабылдау үшін арнайы құрылған пунктке хабарласа алады. Жалпы республика бойынша көмек қолын созуға ұмтылғандар қатары айтарлықтай деп айта аламыз.


Қуаныш Ерсұңқар


 




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 00:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31