Төтенше жағдай

Төтенше жағдайлар азайып келеді

  • Төтенше жағдайлар азайып келеді

    Төтенше жағдайлар азайып келеді

Төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың арқасында елімізде орын алатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар санының айтарлықтай азайғаны байқалады. Демек еліміздегі төтеншеліктердің жұмысы нәтижесіз емес. Сандарды сөйлетер болсақ, өткен жылы орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көлемі 2017 жылға қарағанда 6,2 пайызға азайған.

Ал өткен жылы 16 619 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, онда 3 567 адам зардап шеккен. Төтенше оқиғалардан зардап шегетін адамдар саны да 2017-2018 жылдарды салыстырмалы түрде алып қарағанда -5,4%-ға азайған. Төтенше жағдайлардан 2018 жылы барлығы 1 033 адам қаза болса бұл алдыңғы жылдан -5,5%-ға аз деп айта аламыз. 2018 жылы орын алған төтенше жағдайдан келген материалдық шығын 3 005,4 млн. теңгені құраған.

Деректерге сенсек, «112» шұғыл қызмет телефонына еліміздің тұрғындарынан 5 млн. 939 мың 507 қоңырау келіп түскен, оның ішінде «101»-ге келіп түскені 2 млн. 448 мың 379 қоңырау. Төтенше оқиғаларды жою үшін өрт сөндіру қызметі, төтенше жағдайларға қарасты жедел-құтқару және өзге де бөлімшелерден 69 474 жағдайда шұғыл көмекке шыққан. Олардың көмегімен 11 167 адам құтқарылып, төтенше жағдай аймағынан 25 551 адам көшірілген. Жалпы саны 5 053 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алдын ала айтып келмейтін апат кезінде, аяқ асты орын алатын төтенше жағдай кезінде көрсетілетін әрбір көмектің маңызы зор екенін ескерсек, жоғарыдағы көрсеткіштерде төтеншеліктердің қаншалықты еңбегі мен төккен тері барын бағамдаймыз.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі дабыл бойынша 53 865 рет шұғыл көмекке ұмтылған. Жедел-құтқару жасақтары 10 249 шығуды жүзеге асырумен қатар 4 094 адамды құтқарған. Сондай-ақ шұғыл ден қою бригадалары 5 360 шығуды жүзеге асырып, 4 640 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсеткен, 1468 адамды ауруханаға жатқызып, төтенше жағдай аймағынан 283 адамды көшірген. Елімізде әуе арқылы да төтенше жағдай кезінде шұғыл қызмет көрсетіледі. Санитарлық авиация саласы бойынша ТЖК авиациясы 1 752 ұшуды жүзеге асырды, оның ішінде 459 пациент тасымалданды, 59 консультация берілді және 37 шұғыл операция жасалды. Алдағы уақытта төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы жұмыстар әлі де болса жалғасын тауып, еліміздегі төтенше жағдайлар көлемі азая береді деген үміт зор!


 


Қуаныш Ерсұңқар




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 23:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30