Төтенше жағдай

Төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды

  • Төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды

    Төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының даму Орталығы және қазақстандық әзірлеуші-компания «I2NIK» ЖШС-і Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша дайындап шығарды. 


Аталмыш мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшеттер иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады. Және оның көмегімен төтенше жағдай туралы жедел құлақтана алады. Қазіргі уақыттың өзінде бұл мобильді қосымшаны 2000 желі пайдаланушылары өздеріне жүктеп, игіліктеріне қолдана бастаған. 


Жалпы жобаны дайындау барысында Жапония мен АҚШ-ың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжірибесі қолданылған. Бірнеше секундтың ішінде «Darmen» қосымшасы арқылы Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың, атап айтқанда дауылды ескерту, жер сілкіну және тағы басқа туындау қаупі туралы халықты жедел құлақтандырып, хабардар етуге мүмкіндік береді.


Ал мобильді қосымша қаланың ТЖД-і «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландырулар жасайды. Ары қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші деректерді жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.Ұялы қосымшалар сынақтан өтілді және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті. Демек бүгінде бұл жоба толықтай әске асуға дайын. 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап ТЖД-і қала тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы құлақтандыруды SMS-хабарламамен бірге «Darmen» қосымшасы арқылы хабарлайтын бастады. Аталған қосымшаны дүкендерден App Store, PIay Market мобильді телефондар қосымшасы үшін «Darmen» -деген атпен жүктеуге болады. Ару қала Алматыда қауіпсіздігіңізді толықтай қамтамасыз еткіңіз келсе, аталмыш мобильді нұсқаны телефоныңа жүктеп, алаңсыз өмір сүр! Айта кетерлік жайт қоғамымыз сандық технологияға бет бұрған кезеңде төтеншеліктердің де ұялы телефондағы мобильді нұсқа арқылы халықты сақтандыруға көңіл бөлуі қала тұрғындарының көңілінен шығып отыр! Жоба өміршең болғай!


Қуаныш Ерсұңқар


 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 14:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30