Төтенше жағдайлардың алдын алудың пайдасы зор

Төтенше жағдайлардың алдын алудың пайдасы зор

«Апат айтып келмейді» десек те, мемлекет тарапынан ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі жоғары. Мәселен еліміздегі төтенше жағдайларға жауапты құзырлы орган өкілдері өткен жылы еліміз бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша 1268 ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізген. Таратып айтар болсақ, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша жоспар бойынша осындай іс-шаралардың 71-ін өткізу керек болса, жауапты орган өкілдері – 115 шара өткізген. Қалалық жерлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша 212 комиссия отырысы өтсе, аудандық деңгейде 941 комиссия отырысы ұйымдастырылған.
Көп жағдайда «білмеген у ішеді» деп тұрғындар білместікпен қателікке ұрынып жататынын ескерсек, мұндай төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған мұндай іс-шаралардың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Көп жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жылдың әр мезгілінде жиі қайталанып отыратын, адамдар жиі зардап шегетін төтенше жағдайларға арналады. Соның дәлелі жыл сайын комиссия отырыстарында жұмыс жоспарларына сәйкес мына мәселелер «Тасқынға қарсы іс-шараларға дайындық және өткізу туралы», «Жазғы шомылу маусымы кезінде су айдындарында адамдардың өлімін болдырмау туралы», «Алыс орналасқан елді мекендер және орман дала алаптарында өртке қарсы қауіпсіздікті арттыру туралы», «Мүмкін жер сілкінісі шығындарын азайту бойынша және ғимарат пен имараттарды сейсмонығайту бойынша қабылданған шаралар», «Жылыту маусымына объектілердің дайындығы туралы», «Метеорологиялық құбылыстарға ден қою» секілді мәселелерге арналып жатады.
Аяқ асты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде комиссия отырыстарымен қоса, арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың да маңызы зор. Мемлекет тарапынан қабылданған арнайы бағдарлама арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу, жүргізілетін жұмыстарды алдын ала жоспарлау жұмыстарын жүргізуде тиімді. Мәселен 2018 жылы Ішкі істер министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдардың «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының
302 іс-шарасын орындауына мониторингті жүзеге асырған. Соның ішінде 198 іс-шараны 2018 жылы аяқтау және 2019-2020 жылдары алдағы уақытта аяқтау мерзімімен 104 іс-шараны іске асыру бойынша жұмысты бастау алдын ала жоспарланған. Осылайша өткен жылы Жол картасының су тасқыны қатері бар жағалауларды нығайту, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары, автожолдарда қорғау бөгендері мен су өткізгіш құбырларын орнату, су ағызу каналдарын қалпына келтіру, құрылыстарды күрделі жөндеу мен реконструкциялау, сондай-ақ басқа жұмыстар бойынша көптеген іс-шаралар жүзеге асқан. Атап айтар болсақ, Қарағанды қаласында – 41, Шығыс Қазақстан – 23, Түркістан – 17, Алматы – 12, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары 8, ИДМ – 7, Ақтөбе – 6, Қызылорда – 4, Қостанай – 2, Ақмола облысы, Астана және Алматы қалаларында бір-бірден, барлығы 153 іс-шара іске асырылып, аяқталған.
Айта кетер жайт, төтенше жағдай кезінде бар күш ең алдымен адам шығыны орын алмауына бағытталады. Ал материалдық тұрғыдан келетін залалды азайту екінші кезекте. Табиғи және техногенді апаттар кезінде мұндай шығындардың болуы қалыпты жағдай. Бір ғана мысал су тасқыны кезінде аавтожолдарға залал келуінің өзі мемлекет үшін зор шығын. Бүлінген тас жолдарды қалпына келтіру үшін арнайылап бюджеттен ақша бөлу, оны іске асыру арнайы уақытты талап етеді. Сондықтан төтеншеліктер төтенше жағдайдың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алу әлдеқайда арзан түсетінін білгендіктен, мүмкіндігінше төтенше жағдайдың алдын алуға тырысады.
Ол үшін алдымен су тасқыны қаупі бар аймақтар алдын ала зерттеліп, еске алынған. Мәселен республика бойынша су тасқыны қаупі бар учаскелердің жалпы саны 599 екен. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 336, Алматы қаласында 165, Алматы облысында 87, Түркістан облысында 10, Жамбыл облысында 1 су тасқыны қаупі бар, көшкенге бейім жерлер есепке алынған.
Көшкін қауіпті кезеңінде мониторинг және гидрометеорологиялық жағдайды бағалау «Қазселденқорғау» ММ құлақтандыру және қадағалау қызметімен және 24 қар өлшеу бағыттарымен ұйымдастырылады. Шығыс Қазақстан облысында 209 қар өлшеу тақтайшалары орналасқан).
Мемлекеттің таулы аумақтарында 1899 қар тоқтату қалқандары бар болса, оның 440 Алматы қаласында, 1459-ы шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Осы орайда өткен жылы «Қазселденқорғау» ММ ТЖД-мен, «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп көшкін қауіпін анықтау мақсатында 614 жер үсті және 7 аэровизуальді көшкін қауіпті учаскілерді шолу зерттеулер жүргізген.
2018 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың 18 сәуір аралығында жалпы қардың көлемі 30 678,66 м³ құрайтын 66 қар көшкіндерінің түсуі анықталған, олардың ішінде жалпы көлемі 23 320 м3 Алматы қаласында – 38 , жалпы көлемі 3 018,66 м³ Алматы облысында – 26, жалпы көлемі 4340 м³ Шығыс Қазақстан облысында – 2 жағдай тіркелген.
2019 жылдың 18 сәуірге дейін «Қазселдеңқорғау» мүдделі қызметтермен бірлесіп жалпы қардын массасы 248 300 м³ құрайтын 85 мәжбүрлеп қар түсуі жүргізілді, оның ішінде Алматы қаласында – 7 , қардың жалпы саны 28 700 м³, Алматы облысында – 5, қардың жалпы саны 3 100 м³, Шығыс-Қазақстан облысында – 73 қардың жалпы көлемі 216 500 м³.
2018-2019 жылдардағы көшкін қауіпті кезеңі басталғаннан көшкін аймақтарда орналасқан аудан әкімдеріне, ұйым басшыларына және жеке үй иелеріне 941 хабарландыру-ұсынымдар берілген. Осы орайда атап өтер жайт халыққа көшкін қауіпті учаскелеріндегі қауіпті жердің қауіптілігін түсіндіру мақсатында 95 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері қойылған. Сондай-ақ 2500-ден астам тау-шаңғы кешендерінде, қоғамдық орындар мен көпшілік жиналатын орындарда жадынамалар таратылған. Жыл сайын елімізде тіркелетін төтенше жағдайлар мен олардан келетін қауіптің сейіліп келе жатқанына қарап, жоғарыда жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіз емес екенін байқаймыз.

Қуаныш Ерсұңқар
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста