Төтенше жағдай

Төтеншеліктер ескертеді: Шомылу маусымында абай болайық!

  • Төтеншеліктер ескертеді: Шомылу маусымында абай болайық!

    Төтеншеліктер ескертеді: Шомылу маусымында абай болайық!

Жаз келіп, суға түсу маусымы басталысымен елімізде суға қатысты қайғылы оқиғалар жиілей түседі. Өйткені халықтың басым бөлігі жүзу түгілі, қарапайым суға түсу қағидаларын ескере бермейді. Сөзіміздің дәлелі мамандар да "Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі - ол азаматтардың қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, білсе де қауіпсіздікті дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен орын алып жатады" дейді.

Сондықтан адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан техногендік сипаттағы тетенше жағдайлардың да, аяқ асты орын алатын төтенше жағдайларға да ең алдымен адамдардың қатысы барын мойындауымыз керек. Осы орайда суда абай болу да ең алдымен тұрғындардың өзіне байланысты. Дегенмен төтеншеліктер де қарап отырмай, өз тараптарынан халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Еліміздің әр өңірінде ТЖ департаменті өкілдері тарапынан атқарылып жатқан шараларға қарамастан жыл сайын еліміз бойынша айтарлықтай адам зардап шегеді. Статистикаға зер салсақ суға кеткен адамдардың барлығы дерлік шомылуға тыйым салынған, шомылу құралдарымен жабдықталмаған және жедел–құтқару жасағының құтқарушылары жоқ жерлерде суға түскен екен. Демек қауіпсіздік ережесін сақтап, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған тұрғындарға төнер қауіп жоқ деуге болады. Осы орайда төтеншелік мамандар шомылу маусымында судан келер қауіпті азайту үшін халыққа ең алдымен қауіпсіздік шараларын сақтауды өтініп отыр. "Облыстың су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі және басты себептері азаматтардың шомылуға арналмаған орындарда және мас күйде шомылуынан, ең бастысы ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру себебінен туып жатады. Сондықтан әр адам өзінің және отбасының қауіпсіздігін сақтаса екен" дейді белсенді профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан төтеншелік мамандар. Жақында жаз мезгілінің келуіне орай еліміздің барлық жерлерінде, облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстары өтіп, «2019 жылғы жазғы шомылу маусымы кезінде еліміздің барлық аумағындағы су айдындарында қауіпсіздікті сақтау» туралы мәселе қаралып, онда жазғы шомылу маусымы кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алуға қатысты барлық тиісті мекеме және ұйымдардың басшыларына қажетті тапсырмалар берілді. Адамдар жаппай баратын су айдындары мен жабайы жағажайлардағы демалыс орындарында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын бұзушыларды анықтау және судағы қауіпсіздік бойынша рейдтер жүргізілуде.

Осы орайда төтеншелік мамандар ұсынып отырған судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға қатысты жадынамаларды да назарға алсақ.
Судағы негізгі ережелерін есте сақтаңыздар:

- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

- жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

- бөгеттен, қайықтан немесе кеме тоқтайтын жерлерден суға секірмеңіздер;

- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

- су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.

- суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.

Осы орайда төтеншеліктер ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерлерінің, демалу орталықтарының және бассейн басшыларының назарына суды пайдалану кезінде аса сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ мамандар "балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, балаларды бақылаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен учаскелерде шомылуға рұқсат етіңіздер" деп ескертеді. Ең қарапайым суға түсу ережесін сақтап, адамдардың қаза болуының негізгі себептері су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзушылық, атап айтқанда тыйым салынған орындарда және мас күйінде суға шомылу, балаларды су айдындарына жақын жерде ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру екенін ескерсеңіз болғаны.
Өйткені судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын бұзушылық, атап айтқанда өз күшін бағаламау, жүзу білмеу, мас күйінде суға шомылу жыл сайын адамдардың суда қаза болуының негізгі себебі болып табылады. Судағы қауіпсіздік шаралары профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, еліміздің халқы өзіне-өзі артық сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін артық бағалау, судағы қарапайым жүріс-тұрыс қағидаларын сақтамау салдарынан жыл сайын су айдындарында түрлі келеңсіздіктерге ұшырайтыны төтеншелік мамандардың алаңдаушылығын туғызып отырғаны да сондықтан.

Және бір ескрете кетер жайт шомылу маусымы кезінде балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады, үйткені оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қиындық туғызады. Балалардың да ең алдымен ішкі үрейі жағалаудан алыстауынан туындап жатады.

Сондықтан суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда Сізге және Сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады.

Және естеріңізде болсын! Егер Сіз қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз, «112» Құтқару қызметінің біріңғай ақысыз телефон нөмірін теріп алыңыздар. Көп адамдар алғашқы үрей кезінде құтқару қызметінің нөмірін ұмытып қалып жататындықтан, аталмыш нөмірді өздеріне оғай бір жерге жазып алу да артықтық етпейтінін айтады.

Қуаныш Ерсұңқар




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30