Төтенше жағдай

Түркістан қаласын көркейтуге кәсіпкерлер де жұмыла кіріспекші

  • Түркістан қаласын көркейтуге кәсіпкерлер де жұмыла кіріспекші

    Түркістан қаласын көркейтуге кәсіпкерлер де жұмыла кіріспекші

Атауы өзгеріп, орталығы ауысқан Түркістан облысында жұмыс қызу жүріп өңірді дамыту үшін түрлі шаралар атқарылуда. Өйткені "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында" Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарға сай жаңғырту қажет екені баса айтылған.  Осы мақсатта өңір басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп Түркістан қаласын дамыту үшін жасалған нақты жобалармен таныстырып және атқарылуға тиісті істерге де кеңінен тоқталып өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Кездесу барысында Жансейіт Қансейітұлы Түркістан қаласының туристерді тартуға мүмкіндігі мол екеніне және өткен жылы осы өңірге 1 миллионнан астам турист келгендігіне тоқталып, болашақта келушілер санын бұданда көбейтуді жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Сол үшін шаһарға темір жол вокзалы мен автовокзал, жаңа әуежай, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарланып жатқанын да айтып өтті. Сонымен қатар әкім драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары, жаңа орталықтың әкімшілік ғимараты, басқармалар мен департаменттер үйі және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізу қажет екеніне тоқталды.


Жиында аймақ басшысы Президентіміздің өзі Түркістан қаласының дамуына ерекше назар аударып, сол үшін республикалық бюджеттен бөлек, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін және еліміздің өзге өңірлерін де осы мәселеге атсалысуға шақырғанына тоқатылып өтті. Сонымен қатар кездесуде қасиетті Түркістанның ескі және жаңа келбетін айшықтайтын фильм көрсетіліп, іскер азаматтарды қаланы көркейтіп, әдемілігін арттыра түсу үшін түрлі әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтары сияқты халыққа қажетті ғимараттар салуға атсалысуға шақырып үндеу жасады.


Өңірді түлету жолында қарқынды жұмыс бастау үшін үндеу тастаған жиынға қатысушылар әкімді бірауыздан қолдап, жұмыла кірісуге құлшыныстарын білдіріп жатты. Көптеген кәсіпкерлер түрлі нысандарды салуға ниет білдірді. Кейбір азаматтар өздері салуға ниеттенген ғимараттардың жобаларымен де таныстырып өтті.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 957    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 23:51
    Шомылу маусымы аяқталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30