Испанияда орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

16 тамыз 2022, 16:43

Испанияда қатты жел мен жекелеген аймақтардағы ерекшеліктерге байланысты орман өрттерін сөндіру қиынға соғып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTVE телеарнасына сілтеме жасап.

Испанияның RTVE қоғамдық телеарнасы Аликанте провинциясының (елдің шығысы) Валь-де-Эбо муниципалитетіндегі өрт 9,5 мың гектар жердегі орманды жойғанын хабарлады. 2 мың адам көшіп кетуге мәжбүр болған. Құтқарушылардың айтуынша, бұл – жану ошақтарына бару қиындық тудыратын, беткейлері бар жер. Билік өртті сөндіруге шамамен 25 тікұшақ пен бірнеше жүз әскери жұмылдырды.

Өткен түнде әскери төтенше жағдай жасағы Сарагоса провинциясында және Лес-Усерес муниципалитетіне жақын жерде өрттің таралуын тоқтатты.

Орман өрттері жөніндегі еуропалық ақпарат жүйесінің мәліметтері бойынша, биыл Испанияда ыстық ауа райы мен құрғақшылық салдарынан 390 орман өрті болған, олар жалпы 265,467 гектар жерді шарпыды.