Айбек БЕСТЕНҚҰЛОВ: Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем...

Айбек БЕСТЕНҚҰЛОВ: Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем...

СЕН КЕТКЕЛІ
Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.

Ісімнің де түк емес кері кеткені,
Қинайды өкініштің тербеткені.
Шырылдауын қоймады-ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.

Мұңменен қапталғандай көл беттері,
Болыппын сезімсіздің ермектері.
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....
***
Жапалақтап түсiрсе қарды көктен,
Арман келiп құлағандай арғы беттен.
Салқындық самал болып есе берсiн,
Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем.

Аппақ қар әкелгенде тұн тыныштық,
Отырып үлкен ойға ұмтылыстық.
Әйтеуiр жауратпайды жылытады,
Сезiмiм саған деген мүмкiн ыстық.

Қарсы кеп соқанымен беттен ызғар,
Жол тауып жақсылыққа жеткен iз бар.
Құшақтап тұрсақ-тағы қуанышты,
Өзiмсiнiп айтатын өкпемiз бар.

Мен жалын, сағындырған сен бiр сағым,
Көк мұз алып тұрғандай көлдiң сәнiн.
Сен кетпешi, сен кетсең iздеймiн ғой,
Жанарыма сыйдырып жердiң шарын,

Өкiнем өртенемін жанып барам,
Жалғандықтан шаршадым жалықпаған.
Ах ұрып аспан жаққа қарап тұрмын,
Қар ғана қайғысы жоқ қалықтаған.
***
ЖIГIТТЕРГЕ...
Сөзiм жоқ "ұрып-жықтым, тептiм" дейтiн,
Ұқсамас бұзақыға кескiн-кейпiм.
Мен ойлаймын көшенiң тәртiбi емес,
"Адамдықтың заңы" деп ескiрмейтiн.

Танымайды десекте күш атасын,
Танымыңның өрiсiн тұсатасың.
Бiреудiң қол-аяғын сындырған күн,
Өзiңнiң болмысыңды ұсатасың.

Жұдырық сiлтемеппiн көзден дәлдеп,
Ешкiмдi алдамаппын сөзбен дәмдеп.
Ешкiмнiң ала жiбiн аттамасаң,
Сенi өзi табады кезген дәулет.

Күш көрсетiп қызды да қаратар ма?!
Сен өйтсең жете алмайсың дара таңға.
Мен тiлеймiн жұмылған жұдырықтар,
Айналсын аялайтын алақанға.

Сөзiмдi аяқтайын күлiп менде,
Алынбайтын қамалмыз бiрiккенде.
Тоқсан ауыз сөзiмнiң түйiнi сол,
Жақсылық жарасады жiгiттерге!
***
ЖЫЛАМА МАХАББАТ
Ұнамай қалғаныңмен ұнап барып
Соңынан іздей берме шырақты алып.
Кететін қыз кетеді өз жолымен
Қайтесің жүрек босқа жылап қалып.

Өйткені көздің жасы болар шығын
Тоналушы кім сонда, тонаушы кім?!
Қолын ұстай алсаң да сүйгеніңнің
Жолын ұстай алмайсың жолаушының.

Қал одан да бақытты тілеп тәуір
Өсетіні белгілі түлеп тамыр.
Қиял шіркін кетсе де алып ұшып
Жүрмейтінін білесің жүрекке әмір.

Соңғы рет қарап ал да жүзін анық
Үмітіңді үрлей сал үзіп алып.
Содан кейін кетіп қал кейін қарай
Аспанда аяғыңның ізі қалып...
***
СҮЙГЕН АДАМ
Сөзің қайда демеймін сезім қайда,
Меннен де бар ұмтылғам өзім де айға.
Аңғалдықтан алдына жан салмайтын
Көне салар жан едім тез ыңғайға.

Жүрек емес дейсің ғой зерде жеңді,
Орынына қоятын пенделерді.
Сенің өмір қызығын көруіңе
Болып жүр екенмін ғой мен кедергі.

Қалсын онда көз жылап қол үзіліп,
Дәрменсіз болып қалды-ау семіз үміт.
Ей менің жанарымның ыстық жасы!
Жерге түсіп кеткенше мені жылыт.

Бұлай болар демедім, күліп шатпын,
Не де болса сенімді біліп саттың.
Білмеймін, сені ұмыту керектігін
Ұмыта беретұғын ұмытшақпын.
***
"ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДI"
Болса да сабыр сақта мекенiң көп,
Сен маған артпағайсың өте міндет
Кет демешi кететiн ит емеспiн,
Және де қорқытпашы кетемiн деп.

Жанып тұрмын қалаймын өшпегендi,
Бiрақ сен жоғалтпайсың ештеңеңдi.
Сәлем деген сөзiңе қуанушы ем,
Кiм үйретiп жүр саған қош дегендi.

Қалатыным белгiлi қалағанмен,
Жанымның жарасы ауыр жамағанмен.
Сен менi ескiлiк деп есiркейсiң,
Жаңа жылды қарсы алып жаңа адаммен.

Мұңымнан орнатсамда мүсiн саған,
Бақыттың ұшырар ем құсын саған.
Өзiңнiң дидарыңды көру үшiн,
Болуға келiсер ем "үшiншi адам".

Көнсең де айтарым сол көнбесең де,
Жаныңда тұра берем жерлесеңде.
Бiр ақынның жүрегiн жараласаң
Қай бетiңмен қарайсың елге сен де?!

Болғанмын сенi талай алып қашпақ,
Болашаққа жолымды анық бастап.
Сенiң сөздiк қорыңды ақтарам да,
Қош бол деген сөздердi алып тастап.

Жүзсе де жанарыңда от кемесi,
Меннен басқа адамды көксемешi.
Менiң сеннен жалынып сұрайтыным
Кетем деме және де кет демешi.
***
СҰЛУЛЫҚ ЖҮРЕКТЕ
Түрі жаман болғанмен мінезі әйбәт
Үйренісіп келеміз міне жәйлап.
Кетіп қалсаң қайтадан келесің ғой
Жын емессің кететін кілем айдап.

Салмағы ауыр емес жүз-ақ келі
Демеңдер бұл махаббат тұзақпа еді.
Жүрегімде жара бар дей бермеңдер
Мықты болсаң шешеді сызат нені.

Мінез екен жасайтын қаңбақты нар
Көре алмастар ізімді барлап тұрар.
Менің сөзім салмақты оның өзі
Осылай сап түзедік салмақтылар.

Жалған деп шығарамыз расты неге
Қайқаңдау дұрыс емес қасты кере.
Сұлулықты сырт келбет деп түсінбей
Білейік адамдарды жақсы көре.
***
КӨЗҚАРАС
Қыздарға қарайықшы қарындас деп,
Жадырап жүрейiкшi жаның жас боп.
Ойлайықшы перiште былай тұрсын, 
Пенде де түзеу жолдан жаңылмас деп.

Жақсылықты жасайық күшпен дара,
Қарияға болайық iскер бала.
Салқындық деген сөздiң мағынасы,
Байланысты болсыншы қыспен ғана.

Iздейiкшi болсада қоныс қашық,
Түзейiк жүргендердi шалыс басып.
Қол жұмсау деген сөздi ұмытайық,
Жүрейiк керiсiнше қол ұстасып.

Жайқалып өспеу үшiн дар ағашы,
Iзеттiлiк бақшасын аралашы.
Пендешiлiк деген сөз болса екен,
Жақсылық деген сөздiң баламасы,

Неге адамдар өкпелеп кек алады?!
Түзейiк шама келсе шекараны.
Күнге "сәлем" берейiк күлiп тұрып,
Құшақтап тұрған кезде жер ананы.

Естi болсаң сөзiмдi "құп" аласың,
Тұрғызайық достықтың мұнарасын.
Нәпсiнiң омыртқасын сындырайық,
Бекiтейiк иманның бұғанасын
***
ҚҰРЫЛЫСШЫНЫҢ МАХАББАТЫ
Күз келiп, боялсада түр түсті алап,
Мен жүрмiн құрылыста "кiрпiш" қалап.
Үйлену оңай емес, дегенменен,
Үй салуға керек қой тың, күш талап!

Жүрсемде шеберлердiң жолын қуып,
Сәтсiздiк алғандай ма торын құрып.
Сенi ойласам шегенiң орынына, 
Балғаменен жiберем қолымды ұрып.

Қалғандары мәз болып iлiнiстi,
Жаныма маза бермей үнiм iшкi.
Махаббат мұнарасын тұрғызбасам,
Қатырғаннан не пайда құрылысты?!

Шыдамады, жанарым жас жiбердi,
Тулаған теңiз болып тасқын өрдi.
Жүрегi тас секiлдi сенi ойлаймын,
Көргенде қатып қалған растворды.
***
Ерте үй боп жасамасаң той көктемде
Досым арам ойлама бойжеткенге.
Сен даланың емессің аш қасқыры
Қыздар емес жайылған қой бөктерде.

Ол қыздың ар жағында әкесі бар
Әке қызын қорлауың қате шығар.
Тазалыққа ұмтылшы жүрегіңмен
Бескүндік мына жалған өте шығар.

Ол қыздың ар жағында анасы бар
Кезін күтер қызының бағы ашылар.
Ұмтылған ұядағы балапанға
Сен жылан бола көрме ала шұбар.

Ол қыздың ар жағында бар ағасы
Көз сүзіп қаракөзге қарамашы.
Ағасы үшін қарындас деген бір сөз
Ар-ұят деген сөздің баламасы.

Ол қыздың ар жағында інісі бар
Әпкешім деген кезде үні шығар.
Бауырым қателікке бармас бұрын
Осындай жағдайларды ұғысып ал.

Желкеңе жазылады желінген ар
Сөзімді сақтағайсың көңілге бар.
Өлімнің бер жағында өмір болса
Өмірдің ар жағында өлім де бар.
***
БАТЫСТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ
Батыстан орын алған төрт облыс
Төртеуі де секілді көркем ұлыс.
Қызы сұлу ұлдары ер жүректі
Ел үшін көтеретін ерте қылыш.

Қаласын сипаттаймын өскен гүл деп
Елінің дәстүрін де ескердім көп.
Қонақжай демей басқа қалай айтам
Жанымды жадыратса "қош келдің" деп.

Келген соң ойлайсың ба кете алар деп
Тектілер сыйластыққа бет алар көп.
Батысты сағындымғой деп айтамын
Бауырларым сұраса «не хабар» деп.

Атырау, Оралменен, Ақтөбелер
Өздеріңе баратын сәтте келер.
Киелі, қазыналы елге барсам
Басыма ажырамас бақ кенелер.

Мақтанып айта алмаймын қалай барды?!
Қонаққа сойып берген талай нарды.
Олжалы боп оралсам Маңғыстаудан
Балама нағашы ғып Адайларды.

Жер басып жүретұғын әр күн алшаң
Құрманғазы күйімен сән құра алсам.
"Жарымсың ба" деп меннен сұрап еді
Қайтер екен сол қызды жар қып алсам?!

Сыйлас дер ем бұл елмен қатыс дер ем
Айтайын деп тұрғам жоқ атүсті өлең.
Қазақстан – жұмағы жер бетінің
Қазақстанның жұмағы – Батыс деген!
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста