Нұрлан Мәукенұлы: Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де…

Нұрлан Мәукенұлы: Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де…

* * *

Тiрiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Тiрлiкте қашқан қадiрiң

Өлгенде ғана бiлiнер.

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Жоқтауын салып жүгiнер.

Жоғалтып алған асылы

Айрылғанда бiлiнер.

 

Тiрiнiң қамы - бас қамы.

Күнде бiр әлем - ашқаны.

Күйремейтiндей көңiлi,

Құламайтындай аспаны.

 

Өлiнiң қамы - өз қамы.

Топырақ болып тозғаны.

Азасын тұтқан ағайын

Мәңгiлiк мекен қазғаны.

 

Өлiнiң қамы - өз қамы,

Өгейсiп кеткен өз қаны.

Бiр уыс топырақ бұйыртып,

Маңдайға бақыт жазғаны -

 

Тiрiнiң қамы - бас қамы,

Таусылмайтындай дастаны.

Өлеңшiл өзен өткенi.

Айғайшыл асу асқаны.

 

Өлiнiң қамын тiрi жер,

Тiрiлер бiрiн бiрi жер.

Бiр күнi бiз де барамыз,

Сен аман болғай, сiрi Жер!

 

 

*** 

Қырдан ызыл жел,

Жүйрiк қолы ұзын жел

Жұқалап бiр сыр айтып,

Жоғымды айтып мұңайтып,

Желғабыздай сын салды,

Желқобыздай үн салды,

Шалғайына сүрiндi.

Емпең-емпең жүгiрдi,

Шат-шәлекей бүлiндi,

Екi етегiн түрiндi.

Баларқалы бел асқан,

Баябан мен көл асқан,

Жолсыз жерден жол ашқан -

Жан сарайын сол ашқан -

Ойлап-қырлап желген сол,

Ойда-жоқта келген сол,

Кешкi ымыртта әл берген сол,

Кезең асып өлген сол -

Қырдан ескен қызыл жел,

Жүйрiк қолы ұзын жел

Көкiрегiм тазалап,

Көңiлiмдi мазалап

Желғабыздай сын салды,

Желқобыздай үн салды -

 

*** 

Көңiлiм жүйрiк,

Көзiм жүйрiк,

Қолым жүйрiк,

Қашаннан адастырған

жолым жүйрiк.

Шашыма шаң

жұқтырып шаршатады,

Құтылмасқа құрып ап

Торын бұйрық.

 

Маңдайыңа жазғанын көрерсiң де -

Қуанасың, жылайсың, өлесiң де -

Ажалы жүйрiк

болды жарықтықтың,

Деп алып, сақтамайды-ау,

ел есiнде.

Жадында ұстайтұғын жақын ғана,

Басқаға беймағлұм атың, бала.

Жазмыштың жазғанынан

Озамын деп,

Өзiндi өзiң өлердей тақымдама.

 

Жүйрiктер жетпей құлар мәресiне,

Тап болып пәни жалған пәлесiне.

Дүние дөңгеленген ақтық демде

Оралар-ау, опынтып бәрi есiңе.

 

Дүние жеткiзбестен жөнеледi,

Қызығына тiрiлер кенеледi.

Жел де жүйрiк, айналған

Жер де жүйрiк,

Жығылады десем, кiм сенер едi?..

 

Жолда келем,

Жолымды оңғара ма?

Колтығымнан сүйе де, қолда, дала.

Өгейсiнбе, көңiлiм, қуанышты

Сан пенденi сандалтқан

Сорға бола -

 

Дүние жүйрiк пе екен,

жүрдек пе екен,

Қашарын қарсы алдымнан

Бiлмеп пе екем?

Қызыл тiл, сен де жүйрiк

Сияқты ең-ау,

Қай күнi, қай тылсымға

Құрметтi екем?!

 

*** 

Алматы болды әуенiм.

Ауылда туған жан едiм,

Сауыр мен Сайқан тау едiм,

Алатау болды мәуелiм.

 

Ауылда өскен бала едiм,

Бауымда өскен тал едiм.

Бұрқауда бойда бiр тылсым,

Таба алмай келем әлi емiн -

 

қара Ертiс бойы қалың құм,

Шағылға барып шағындым.

Шағала қонған жағадан

Қалаға қарай сабылдым.

 

Астана келдiм - қаңғырдым,

Астында қалдым жаңбырдың.

Өтiнде қалдым ызғардың,

Тезiне түстiм тағдырдың.

 

Мендейлер және көп екен,

Мекенi жерде жоқ екен.

Қазақы көңiл қалғанда,

Шыққан жан - дейтiн топ екен -

 

Адамы нөпiр қалада

Өзiңдi тұлға санама.

Сен қалай тұрып келгенсiң,

Жазушы тектi жан аға?..

 

Жұмекен өткен жер едi,

Кеңшiлiк кеткен ел едi.

Жұматай жатқан төбе едi,

Кезегi кiмнiң келедi?..

Қаңғырып кеткен бiр ұл, - деп,

Жаңғырып жеткен бiр үн, - деп,

Даланың шаңы сейiлдi,

қаланың шамы күлiмдеп -

 

АЛАТАУ, БАР МА, АРМАНЫҢ? 

Биылғы түскен қар қалың,

Алатау, бар ма, арманың?

Кiршiксiз аппақ - салғаның,

қылаусыз түбiт - шалғаның.

 

Алатау, сенде бар ма мұң?

Биылғы түскен қар қалың,

Жайғап боп әбден мал-жанын,

Алтайда - алыс қойнауда

Жетпiске келiп қалғанын

Жетiм шал, мүмкiн, ойлауда...

 

... өткiзiп болып бiр түндi,

Жетiм шал тағы түртiндi.

Елестеп өтiп еңкiш қарт,

Кiрпiкке тұрды iркiндi.

 

- Алтайда алай-дүлей ме,

Үрейдi қосар үрейге?

Ит пенен бала қосылып,

Ойнауды бiр сәт тiлей ме?

Бораннан кейiн бел шешiп,

Төбесiн ауыл күрей ме?..

Алтайда, сiрә, ақ боран,

Алатау жаққа соқпаған.

Аяққа iлiп шаңғыны,

Жөнеуге бiр сәт оқталам -

 

- Биылғы түскен қар қалың,

Алатау, бар ма, арманың?

Сыңсып ән салар орманың:

Арманым - сенiң арманың,

Алтайдан алыс қалғаным... -

Алтайым, сенде бар ма мүң?

 

*** 

Жаны да нәзiк - мен едiм,

Қаны да бұзық - мен едiм.

Елжiрегенiмде - ерiдiм,

Қарайғанымда - қарайдым.

 

Желден де жұмсақ - мен едiм,

Жерден де қатты - мен едiм.

Жыласаң - жылар сел едiм,

Құласаң - қара жер едiм.

 

Жаны да нәзiк - мен едiм,

Қаны да бұзық - мен едiм.

Табыса қалсам - тату ем,

Тiресе қалсам - телi едiм.

 

Желден де жұмсақ - мен едiм,

Жерден де қатты - мен едiм.

Сүйсiне қалсам - сүйер ем,

Түйiле қалсам - түйер ем.

 

Жаны да нәзiк - мен едiм,

Қаны да бұзық - мен едiм,

Желден де жұмсақ - мен едiм,

Жерден де қатты - мен едiм -

Түсiнбей жүрген ел едiң

Түк айта алмай келемiн...

 

*** 

Ай артынан ай өтер,

Күн артынан күн өтер:

Көре алмаған - жау етер,

Бере алмаған - жау етер.

Қадiрiндi ұқпас жұрт.

 

Көзiң жұмсаң - тәу етер.

Күннiң нұры төгiлер,

Айдың нұры себiлер:

Сенделiп қап серiлер

Сергелдеңге жегiлер.

 

Қара тұтып жүргенмен,

Жаныңдағы не бiлер?..

Ай бататын бұлт бар,

Күн жағатын жылт бар,

Тұлданатын күлiк бар.

Баса алмайды қашаған -

Басқа түссе құрық тал.

 

*** 

Атқақтап соғып жүрегiм,

Дүбiрлеп кеттi бұл кеудем.

Бұдан соң қалай күлемiн,

Үмiт үзем бе гүлдеуден?..

 

Жарым түнде жалғыз үн

Ет жүрегiм қан қылды.

құлағымда қалды ызың -

Шара басты даң қыдды.

 

Бетiн аштым бiр сырдың -

Жүзiнде еш қайғы жоқ,

Түнегiндей тылсымның -

Мына түннiң айыбы жоқ.

 

Жан жүрегiм қашты ма,

Кеудем неге бүлiндi? -

Аппақ айдың астына

Сөнер арман iлiндi...

 

Беу, жүрегiм, бәсенде...

Жетер жерiң - жайсыздау.

Мына әлемдi қоса емде,

Тiршiлiгi - ойсыздау...

 

Мен кеудемдi сөгейiн -

Өз қағымнан жериiн.

Көз жасымды төгейiн -

Жанды жатқа телиiн.

 

Жүрек сұрап көрейiн,

Жүрексiзге жалынып.

Көрейiн де өлейiн,

Қызыл қанға малынып.

 

Бұдан саған не түсер? -

Көкiрегiм қымтайын.

Бiрге бiр күн кетiсер

Мезет барын ұмытайын.

 

Жарым түнде жалқы айым,

Қобызшы боп келмегей.

Кеудемдегi айғайым,

Үнсiз қалып өлмегей.

 

Тас түйiн бой түйiлме,

Қалыпқа түс, бәсенде.

Елжiреген күйiнде

Ел жүрегiн қоса емде...

 

*** 

Дала - суық.

Аспан - тұман.

Көңiл - мұз.

Әйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрiмiз.

Қабақ шытсақ -

Қара тастан ауырмыз.

Қабақ ашсақ -

Қауырсыннан жеңiлмiз.

 

Далада - қар.

Көше - тайғақ.

Көңiл - мұң.

Әйтеуiр бiр өтiп жатқан өмiрмiн.

Сәтi келсе - өртейтұғын көмiрмiн,

Нәтi келсе - қаритұғын темiрмiн.

Далада - жел.

Көшеде - адам.

Көңiл - пәс.

Осылай-ақ ұзақ болсын өмiр жас.

Бүлк-бүлк соғып тұра

берсiн жүрегiң,

Жарқ-жырқ күлiп жүре

берсiн темiр бас.

 

ҚОҢЫР ТҮС 

Қоңыр кеште қоңыр

Тау тамсанатын.

Қоңырқай боп өтiптi

Қаншама түн -

Қоңыр iңiр жаныма жақын менiң -

Қоңыр үнмен қырық мың

Ән салатын.

Қоңыр қаздар қайтатын

Қоңыр күзде.

Қу жаным, сен асықпа, өмiрдi iзде.

қоңыр қыз жолаушылап кеткен,

бiлем,

Қоңырайып қашып жүр

Көңiл түзге.

Қоңыр қыз, қайда

Қоңыр Жұмекенiң? -

Жыңғылдай жiгерiмдi қүм етемiн.

Қоңыр жырды жазып ап

жарым түнде

Қоңырқай қой көзiмнiң

мұңы етемiн.

Қоңыр белде шiңгiрлер

Қоңыр құлын.

Жаңғырыққан үнiндей өмiр бүгiн...

Қоңыр тылсым күмбiрден

Қуат алып

Қоңырайып жүрсем де көңiлдiмiн.

Қоңыр әлем қорқытса қабағымен,

Қоңыр қайғы қайтарар табамын ем.

Қоңыр түс-ау, қозы түс

Өткен мезгiл,

Қоңыр қозым қалдырған

Жабағы ма ең?

 

*** 

Он сегiзде жүрекке

бойлайды арман.

Он сегiзде мен саған тоймай қалғам.

Он сегiзде Махаббат ауылына

Есiмде жоқ, бiр ойын

ойнай барғам...

 

Он сегiзде кеудеме сыймады арман.

Он сегiзде сыртымнан кiм қадалған?

Он сегiзде оқыста көрген түстей

Көкiрегiм көгiлдiр мұңға толған...

 

Он сегiзде ақыл - аз,

сезiм - көлдей.

Он сегiзде жүрiп ем көзiм көрмей.

Он сегiзде опынып от басып ап

Бозаралда боздап ем бозiнгендей...

 

Он сегiзде дүние жайнай қалған,

Он сегiзде мен саған тоймай қалғам.

Он сегiзде «хош» деген

Қоңыр үндей,

Бүйiрiмде бүлкiлдеп

Қоймайды арман.

 

* * *

Қолшатырың қайтарайын, келе ғой,

Қолың табын қайтадан бiр көре ғой.

Абайсызда ұмытқан да шығарсың?

Жорға құсап оңды-солды желедi ой...

 

Жаңбырлы аспан жас үмiттi оятты,

Жаз жамалын жасыл нұрға боятты.

Қолшатырың қайтарайын, келе ғой,

Күрсiнген көк кеудесiнен жай атты...

 

Абайсызда абайламай «кел» дедiм,

Көктегi үнге ұласады жердегi үн.

Есеңгiреп жүргенiмде егiлiп,

Еншiмдi алып қояды ылғи ел менiң.

 

Селдетуге серт берген бе мына аспан,

Қозғалмаған қолшатырын кiм ашқан?...

Бұл үйректей бұлқынады жүрегiм

Жалт ойнаған нажағайдың үнi осқан..

 

 

* * *

Мен жалғызбын.

Ол жалғыз.

Сен де жалғыз.

Жағалаудан таппадық емге жалбыз.

Бiздiң жалғыз жазымыз жалбыздайын

Жоғалыпты жұлмалап келген əр күз

 

Жоғалады,

Бəрi де жоғалады...

Жанымыз да жоқтауды доғарады.

Құс ұйқысы бұзылмай ұзақ таңға,

Бұлақ байғұс бұйығы боп алады.

 

Күн сəулесi құлап кеп күлiм-күлiм,

Емдер ернiн жағаның тiлiм-тiлiм.

Менiң жаным емдейтiн сен бармысың,

Сен бармысың, басылмас шын ынтығым?!

 

Түн жарығы селбесiп ай нұрына,

Айналады алып тау айбынына.

Мəңгiрмей-ақ, мəңгiлiк ұмытсам-ау,

Кеудемдi алған көрiскiш қайғыны да...

 

Жалғыздықтың бары да жанға уаныш.

Басу айтып, бас изеп қалды таныс.

Арамызда теңiз бар арпалысқан,

Толқынына көмiлдiк - сол қуаныш.

 

Оқ кетiре бiлмедi жетi белiм,

Үн шығара алмады жетiгенiм.

Көктiң тасы, көмескi Ай сияқтанып,

Күн-күн сайын күмəнмен кетiлемiн...

 

 

* * *

Жапырағымнан жаз ұшты,

Қанатымнан қаз ұшты.

Ирек те ирек су бетi,

Сұлулық сырын жазысты.

 

Көкiрегiмнен күн ұшты,

Көздерiмнен түн ұшты.

Мен тата алмаған тұманың

Балдайын толғап кiм iштi?

 

Бақыр басымнан бақ ұшты,

Тапталып қалды тақ үстi.

Уыты қайтқан уақыт

Кеудемнiң отын жағысты.

 

Жылысып өткен жазым-ай,

Қаңқылдап ұшқан қазым-ай.

Қолымның қысқалығын-ай,

Қайырлас күннiң азын-ай...

 

 

* * *

Сiздi көрдiм,

Түсiмде Сiзді көрдiм -

Төбеме кеп түнерген күздi көрдiм.

Аспан жаққа алаңдап, аңқам кеуiп,

Бəлкiм, тағы бiр ғасыр үздiгермiн...

 

«Не айтасың, &ndash дедiң, - не айтасың?»

Тiл ұшында қалған сөз, мұңайтасың.

Көрдiм мен көкiрегiмнен кептер ұшып

Кеткенде кердеңдеген түн ойқасын.

 

Бақтым да қараңғының қас-қабағын,

Мың шауып ала алмадым тас қамалын.

Көзiмнiң жарық нұрын жайдым сосын,

Болмады басқа амалым.

 

Сiздi көрдiм,

Түсiмде Сiздi көрдiм,

Қызыл суы жүгiрген мұзды көрдiм.

Қызыл сирақ күнiмнiң белгiсiндей

Мұз бетiне мөрленген iздi көрдiм.

 

Немдi айтамын,

Мен Сiзге немдi ашамын?

Жұмбағы мол жүрекке тең басамын.

Жүгiм ауып қалғанша, күнiм ауып,

Тулап жатқан теңiзге көл қосамын.

 

Тұз-дəмiмнiң татамын бұйырғанын,

Миға - нəр, жүрекке əл боп құйыл, қаным.

Қара жолдың бойына қар жауғанда

Қара шаштың көре қал сұйылғанын...

 

Сiздi көрдiм,

Түсiмде Сiздi көрдiм -

Баяғы баяны жоқ қызды көрдiм...

Баяғым бағзы заман болғанынша

Мың жылап, он ойланып, жүз күлермiн...

 

 

*  *  *

Саған деген махаббатым өлген бе?

Сенiң көзiң көре алмадым көлден де.

Тұңғиыққа батып кеттiм тұнжырап,

Тыраулаған таңғажайып келгенде.

 

Көз алдыма келмей қойды келбетiң,

Ендi немен толтырамын Жер бетiн?

Орманы жоқ, орыны бос көңiлге

Қойныңдағы қасiреттi берме, түн.

 

Кеудем босап қалыпты ғой - жүрек жоқ,

Уақыт қана уайымнан жүр емдеп.

Елестете алмағасын өзiңдi,

Елжiретiп мен айта алмадым «сүйдiм» деп.

 

Жыл құстары жылы жаққа ағылды,

Қайда ұшырдым басымдағы бағымды?

Жыл құсындай жылап жүрмiн мен ендi,

Күзгi желге күңiрентiп жанымды.

 

Елестете алмай өттi күнiм құр,

Сенiң бейнең түсiмде де бұлыңғыр.

Сен &ndash сен емес, өзге бiреу сияқты

Кездейсоқта көрiп қалған бұрын бiр.

 

Саған деген махаббатым осы ма?

Құлай сүйген күндер бездi шошына.

Мен қайтейiн құдiрет бiр кеткесiн,

Қайта оралып соқпай қойды-ау қосыма...

 

 

* * *

Қорқам кейде: мен осы көпке барман,

Алып жейдi-ау кеудемде кеткен арман...

Өмiрiмнiң өзегiн жалмаған от

Жүрегiмдi жарылған өтке малған.

 

Iшiмде толған удан iрiдiм бе? -

Түңiлсем де түйiлмен тiрi күнге.

Кеудемдегi көмбемдi алам дейтiн

Айтпай келер ажалым, құры мүлде!

 

Кейде «тағдыр - осың» деп назаландым,

Пəрменiмен пəк күйде жазаландым.

Кейiн қостым кiнəнi, күнəнi де -

Бiр күн кебiн кигенде тазарармын.

 

Айлар бойы қарайтын аспандағы Ай,

Бозарғанда боз шағыл қашқан қалай?

Бозiнгенi боздамас боз адырдың

Қарасудың қан жұтқан қасқалдағы-ай...

 

Көкiрегiмде көл жатыр тыншын алар,

Ту сыртымда жел жатыр тыншын алар,

Тулағанда толқыны тұншықтырып,

Ойдым-ойдым орманым сыңсып алар.

 

Өзiм салған өмiрiм соқпағын-ай,

тағдырымның тезiне тоқтадым-ай...

 

 

* * *

Айныды,

Адастырды өз құдайым,

(Көңiлдiң қай қалғанын сөз қылайын)

Өзгенiң құдайынан үмiтiм жоқ,

Үзiлген тамшыдайын тез құлайын...

 

Топ етiп топыраққа сiңiп кетем,

(Əлде де əлденеден үмiттi екем...)

Тiршiлiк тұтқасына табынушы ем,

Нелiктен тəңiрi менi ұмытты екен?

 

Елеусiз көз жасындай үзiлермiн,

Майсаның шығындай боп тiзiлермiн.

Көзiне бу боп ұшып көрiнермiн

Аяусыз айыр тiлi ұзын елдiң.

 

Тентiреп қосылармын теңiздерге,

Теңiзге төнген бұлттар менi iздер ме?

Тамшыдан тамшы айнымай жарасқанда

Күрсiнiп көз сүзбей ме егiздерге...

 

Он сегiз мың ғаламның ғажабы мол,

Ми қорытқан мақамды жазады қол &ndash

Тəңiрi адастырған ашық күнде

Қайдан тапсын даланың қазағы жол...

 

Ұмыт қалған ұланның ұраны бар,

Аузында - иман, қолында құраны бар.

Шөлден ұшып өлерде кете алмастан,

Ащы боздап қасында тұрады нар...

 

Өзiң құтқар, о, тəңiрi, адастырма,

Ажалменен бейбақты жарастырма.

Үмбетiң боп үнiңе құлақ асқан

Аяушылық жаса бiр алаш-құлға.

 

Бұл қалай, тəңiрi, менен айнығаның?

Қамығып, қара түнде ой қыламын.

Көңiлдiң қай қалғанын сөз етейiн,

Көре алмай күдер үздiм Ай құлағын...

 

 

* * *

Қолымның өнерi ме,

Жүректiң сенерi ме,

Жанымның жылап аққан сызашығы -

өкпелей көрме, қалқам, өлеңiме.

 

өлеңiм өртi бəсең, мұңы басым,

Қалқажан, оған неге құнығасың?

Айбарым азулыға көштi бiлем,

Жан дүнием жалғызсырап ұлығасын...

 

Жан дүние бəрiмiзде жалқы ғана,

Жалқыны жылатпайтын халқы ғана.

Бұлттарға ерiп бара жатамын да,

Жалғызсырап қараймын артыма да.

 

өкпелей көрме, жаным, өлеңiме,

Татымас тал бойыңның төлемiне.

Жарқ еткен найзағайдың жарығымен

Көз жетер бiр үмiттiң сөнерiне...

 

өлеңiң - өлең екен, өмiр - бөлек,

Оны да сүретұғын көңiл керек.

Жанымның жылап аққан сызашығы

Мен жайлы бере алар ма небiр дерек?

 

Өлеңiң - өлең екен...

Сау бол, жаным,

Қажет пе саған асқар тау болғаным?

Мұқағали - Муза жүр маңайымда,

Жаратпай жалғыздықтың жау болғанын...

 

 

* * *

Перiштелер қонып жатыр,

Оқиыншы бiр аят.

Жерде думан болып жатыр,

Барын қалсын кiм аяп...

 

Қанаттарын қағып-қағып,

Қонады кеп қолыма.

Жанның отын жағып алып,

Үмiт арттым жолыма.

 

Перiштелер қонып жатыр

Ұлпа қардан жаралған.

Жерде думан болып жатыр,

Той тiзгiнiн қар алған...

 

Аударылып, төңкерiлiп,

Қонғанынша мың аунап -

Ай нұрымен көмкерiлiп,

Қар жауып тұр қылаулап...

 

 

* * *

Көңiлiң мүлдем қалды ма?

Көре алмадым-ау қайтадан.

Ар-ұятыңның алдына

Бара алмай басым шайқадым...

 

Қойныңа енген қоңыр түн

Қоңыр əнiңдi құптаған.

Жүрегi темiр тəңiр кiм

Көзiңнiң жасын жұтпаған?..

 

Өксiгiн баспай түн құсы,

Бұлақтың тiлi шықпаған...

Сен едiң көңiл мұңлысы,

Мен едiм жаныңды ұқпаған...

 

«Құдайым басқа салдың», - деп

Құлазып, қурай жиналың.

«Ошақта от өшiп қалды», - деп,

өзiңдi өртеп, қиналдың...

 

Құлазып қалды қу жаның,

Көзiңнiң отын ұрлаттың.

Өзiңдi өзiң уладың,

«Кiнəлiмiн...» - деп тiл қаттың...

 

Аңырған Айға қол жайдым:

«Айырма, - дедiм, - арманнан.

Жолыңа жаным жалдаймын

Жоғалғанымша жалғаннан».

 

...Көрместей болып қалдың ба?

Көре алмадым-ау қайтадан.

Ар-ұятыңның алдында

Албырттық басын шайқаған...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста