Сұраған Рахметұлы: Мұң-рау (Симфониялық озан)

Сұраған Рахметұлы: Мұң-рау (Симфониялық озан)

Ақын Сұраған Рахметұлы 60 жаста!

 

Сұраған Рахмет – шетелдегі қазақ ақыны. Журналист. 1958 жылы 22 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн өлкесі, Қарасу деген жерде дүниеге келген.
Әкесі (ұлы атасы) Рахмет Аңқабайұлы /1900-1961/. Кіші әкесі – Сиыршыбай Рахметұлы. Әжесі – Әштәри Сәріпқызы Өр Алтайда туған, әйгілі айтыскер. Кіші шешесі – Тоқталған Смағұлқызы, Молқы-Машан рулы.
Әскери мектепте, және Қорғаныс министрлігінің қасындағы Әскери саяси университетті тарих, философия мұғалімі мамандығымен, Моңғолияның Мемлекеттік Басқару академиясын – мемлекеттік менежер мамандығы бойынша бітірген. Моңғолия Журналистер Одағының, Моңғолия Жазушылар Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Тарихшылар қоғамының мүшесі.
«Жұлдыздың лағыл елесі»(2000), «Ақ тегершік»(2001), «Өрен жүйріктің сілекейі»(2006), «Түске оранған күз»(2011), «Көгілдір шабыт» (2011) жыр жинақтарының, «Құжырты құрбандары»(2004), «Қобдаға асқан қоңыр ел»(2014) тарихи-монографиялық кітаптарының авторы. Ақынның бірсыпыра өлеңдері шетел тілдеріне аударылған. Ол Бавуугийн Лхагвасүрэн «Үр могой» /Іштен шыққан шұбар жылан/, Гунаажавын Аюурзана, Тангадын Галсан, Банзрагчийн Цогзаяабаатар қатарлылардың өлеңдерін қазақ тіліне;
Қытайдың Ли Бай (Li Bo 701-762), Ван Вэй /701-706/, Ду-Фу /712-770/, Жапонияның Баше (Basho 1644-1694), Доки Зэнмаро, сондай-ақ Франц Кафканың (Franz Kafka 1883-1924) «Будан» қатарлы әңгімелері, Шарль Бодлер (Sharles Bodelaire 1821-1867), Стефан Маллерма (Stephane Mallerma 1842-1898), Пол Верлен (Paul Verline 1844-1896), Артюр Рэмво (Arthur Rimbaud 1854-1891), Гийом Апполинер (Guillaume Apollinaire 1880-1918), Роберт Лауэлль(Robert Lowell 1917-1977), Томас Стериз Элиот (T.S.Eliot 1888-1965), Эмили Дикинсон (Emily Elizabeth Dickinson 1830-1886), Ульям Батлер Иейтс (W.B.Veats 1865-1939), Роберт Ли Фрост (Robert Frost 1874-1963), Уоллс Стивенс (Wallace Stevens 1879-1955), Эзра Паунд (Ezra Paund 1882-1972) шығармаларынан тәржімалаған.
1980-1990 Халық армиясында қызметте, 1990 жылдан 1992 жылдары Баян-Өлгей аймақтық Жастар Ерікті одағында хатшы, «Темірқазық» газетінің бас редакторы, 1992-1996 жылдары аймақтық Қазақ радиосында редактор-тілші, 1996-2000 Аймақ Әкімінің Іс Басқармасының бастығы, 2000-2005 Моңғолия Қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы, 2005 жылдан аймақтық Бұқаралық Ақпарат құралдарының директоры, Жаңа дәуір газеті, «Шұғыла» журналының директоры. Моңғолия қазақтарының «Қазақ этнос» клубының төрағасы.
Қазақстанда «Шығыс шынары» мүшайраның 1 орын иегері. Моңғолия Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталған. Моңғолия Жазушылар Одағы сыйлығының иегері. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың саяси өмір тарихы» (2009) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.
Моңғол, қазақ тілде жазады. Тарихи, публицистикалық мақалалары республикалық басылымдарда тұрақты жарияланып тұрған қаламгер. Жұбайы - Раушан Базарханқызы орыс тіл пәнінің мұғалімі. Ұлы – Олжас Сұрағанұлы (1991 жылы туған) Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы «Уралский Федеральный Университет»-ін құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген.

 

Сұраған Рахметұлы:

МҰҢ-РАУ

(Симфониялық озан)

І

Ғаламшарым! Сен деген көздің қарашығындай...
Өңшең өлі пенделер кебенектен киімі,
Кемістері біріккен, келтелері бір ыңғай,
Өркениет өрімі - өрнегімен иірім,
Баяғының бағзыауи - бағытынан бұрылмай,
Бар мен жоқтың соңында бассыз қалған иығың?!
Аяғыңнан шалады ала уақыт жарлығы,
Мұзға тиген маңдайың, мұздайды екі бүйірің.
Қадам сайын тарлыққан тамағыңның қарлығы,
Хайуанның қалдығы - қаймананың үйірі,
Соған ұқсас оқшау жүр, О, ға-аж-айып пішімің!
Өшкін сәуле секілді түнге түскен түйірің,
Ергежейлі еңсеңде ең, ерсі - ерсі мүсінің?!
Қайда жетіп,кімдерге, кідіреді қай үнің?
Қарасынан алыста аласталған кісінің,
Қабығына қамалған қайран - қайран пайымың.
Сөздің соңы сонау бір соқыр болған негізде,
Жаурағандар ішінде жаны сірі, жайы- мұң,
Көздің қара, ағындай көксеп жүрсең мені ізде!

ІІ

Желдің нәзік ызыңы әуеніндей ғайыптың
Құстар сіңіп жоғалған тереңіне Аспанның.
Жаңа ғана жауынның иісі келіп айықтым
Етегінен жабысып, қоя бердім басқа Әннің.
Уайымның дәміндей өлең нәрін жай ұқтым...
Кеңістігі түрленіп, бүрін жарған жас талдың
Дүниеде ең ауыр азаппенен сырты өлген:
Адам менен Хауаның аяуынан басталдым.
Мына жердің шөбіміз кіндігінен тіркелген
Үрей жұққан жүзіңнен үркіп жүріп күлкі өлген
Бір бетімде – мейірім, бір бетіміз – қаталдық,
Кектену мен аяудың арасында жүрсің Сен.
Мүсіркеулі еншіңді көзің аңдып, жат аңдып!
Боз ала тал боздайды бір ғалауат күрсінсем
Ең қолайлы шағыңда ең күрделі һадалдық;
Шетсіз-шексіз ендікте басталғалы тұрсың, сен...
Өзім деген төл дертің – өзегіңде қадаулы
Жүрегіңнің әмірін тыңдамайсың күштейсің
Жаның жамау, жадың да жабырқаған жалау мұң
Бар айыбың – соңында бармағыңды тістейсің.

ІІІ

Шексіз әуен,шетсіз күй қылқаламның ұшында,
Жол қашады жорғалап сіңіп мұнар, мұнарға
Қаздар қаңқылдайды алыс көлеңкесін ұсынған.
Өшіп кеткен ғұмырымды сүйретеді түн арбап,
Тозған сағат секілді топырақ жол ұшында,
Жыртық шапан жамылған жылдар қайта қаңғырды,
Инеліктің қанатын бел аймалап,жел кесіп,
Ән өрілген халімнің пернесінде - жаңғырығы!
Алтын парақ жапсырған айналайын жер бесік,
Көңілшек көк ақтарған көкшіл нілі жаңбырдың.
Құстың құймақ дауысы тағыда ұзап құлақтан,
Көмейінде көзі бар көп бедерге сіңді үнім,
Көсіп алып қолыммен өптім мөлдір бұлақтан,
Астро аспан жөрмейді жердің жыртық кіндігін.

ІV

О,құдірет, бұл неткен жайлы құндақ,
Шуақ шұбап жығылған сайды құлдап.
Оқыранған от жалдар орғып-орғып,
Ойбо-о-о-й оқалы аспанда Ай құлындап?
Боз шудасын бота қыр сілкіленіп,
Шаранасын жалайды майлы ырғақ,
Кі-ле-е-ң жәудір жұлдызы кілкімелі,
Дүркін-дүркін өрекпіп, айдын ымдап,
Шіркін Бұлғын, бір ашық,бір түнеріп.
Жырғылты деп... басына Дүргін түнеп,
Орқаш шыңдар бауырын түртіп еміп,
Күңгірт рең желеді,күн күркіреп,
Омырауы бусанған жылқыға еріп.

V

 

Ойланбаған ойымда сенің бейнең... түскен мұң,
Ең ақырғы тынысыммен аунап жеткен күшке ердім.
Үрейлердің үйірі - үңірейген тістердің...
Сүмбіле айдың бетіндей бейкеремет түс көрдім!
Күрсіністен кейінгі кейіс кірбең тылсымдық,
Қол,аяғым өзімнің ырқымда емес,(бұл сұмдық?!)
О,баяғы төзімнің көзіне елес бастыртып!
Жыламсырап бұтаны құшақтайды жас күртік.
Айналамды ұмытқам, ұмытқаным үшін мың,
Ақ өлеңі кеулейді азынаған ішімнің!
Ауырсынып жүрегім елеңдеймін неге мен?!
Жыртық-жыртық күйімнің есіл желі тебеген.
Арсылдаған толқындар,қаршылдаған азулар,
Өткеліңнің өтінде өктем-өктем жазу бар.
Е,дүние, осылай ентелеген қатқыл,Үһ!
Есінеген жұлдызбен тенетек мінезді ат мініп,
Ұйқылы-ояу іңірің күңіреніп жатты ұлып,
Темір сауыт жамылған қараңғы ма,арай ма?!
Сыңарынан қалған құс артына жүр қарайлап...
Елес,елес еңістер есіңді ертіп алға асып,
Енді қалған түндерің түс көрумен жалғасып...

Күздің бозғылт дірілі жапырақта мысқал жыр,
Гүл өткінші өксиді дестесіне шық тұнған,
Көк айдынын аймалап кө-ө-өп қаралы құстар жүр,
Көл толқиды жай ғана күн шуағын жұқтырған.
Сағыныш-ай, жәудіреп желіп өткен күймелі,
Жер көшеді өңірде жетегінде-е-е тірінің
Сенің көкшіл көйлегің - елес ескі түймелі,
Сілкіп қайтты жанымды сілті қара бұрымың?!
Көзім аяқ ұшында,көкжелкемде зілдей мұң,
Өңіріме қадап ап өшкін айдың сынығын,
Өзің жүрген жердемін... неге екенін білмеймін!!!

 

VІІ

Адасқан ән алыс-алыс теңіздерден ары асып,
Уақыттың бояулары тұяқтардың мөріндей
Жекен кезген жезкиіктің желкесінде жарасы,
Сол киіктен жалғандағы жалғыз белгі көрінбей?!
Білетінім, алданғаным ең ақырғы жүзі қан,
Кездіктердің жетесінде өзгеретін, қайтатын,
Соқпай кеткен сағаттардың барлығына қызығам,
Қаншама рет жаз өткенін кескен терек айтады?!
Қыртысында қыныменен рух жатқан байтағым,
Ұлы дала сауырында сілкіндіріп ілгеріде
Анасының құрсағында қиқулатып шайқап ұл,
Ат дүбірі әбден сіңген әбзел ерлі бұл жерден,
Аламан бір ғасыр үнін жасайтынын байқадым.
Сансыз ғалам құрсауында жаны алуан ұлы үрім
Қыш Шумердің шүмегінде сұлбалайды бір хабар,
Төбемізде төрт мезгілдің мінезіндей ғұмырым!
Осы өңірге көшеді әлі әнін сүйреп тырналар!

 

VІІІ

Көлеңкесін жамылып көлбей құлап қыр жағым,
Жылап алып,тереңнен бұлақ ағып жылыстап.
Қойнаудағы қонысым "қо-о-ош,есен бол"-
Рзамын!
Боз өркешті Бұлғыннан су ішемін уыстап.
Сағынышқа шырмалып,самал иіскеп тұрғаным,
Кірпігіме кідірген кірсіз үнмен тыныстап,
Уақыттың уайымы - ұзап ұшқан құсымен
Тыныш жапқан жайлаудың шоқтығынан бір ұстап,
Көз жасымды сүртемін көбік бұлттың ұшымен!
Іргем тиген ұйығым иісі жұпар, құшып ем?!
Түрмесіндемін тауымның жүрегімде кісенім...
Көшіп кеткен өмірім... өшіп кеткем... түсінем!!!
Үлкен үйдің жұртына ұзынымнан түсемін!

ІХ

Жылқылардың тұяғын сорып,іл-і-іп,сүйіп қап,
Құйлы өткелдің аузында құбылысы...
Тәңірдің!
Құшағында мұнардың құлын жусап,ұйықтап,
Жыртығынан сөгіліп жыртың әні мамырдың.
Терең көлдің түбіне нұр сіңеді, теңіз-Көк,
Шарайнадай арайда әр, оқылмайтын тірі өң жүр,
Қарайғанға қарайлап ақтарамын сені іздеп,
Іркес-тіркес кеш жүзген дүрмегі көп сілемді...
Көлемінің шегіне көз жетпейді бұл өңнің,
Кіреукесі мың қабат,боз езулі бота қыр,
Борша-борша боздайды, боздағаны рең - мұң,
Жап-жалаңаш күйіммен күйіп тұрмын,
О,Тоба!!!
Жолақ-жолақ жол осқан балағы кең жотаның,
Шалқасынан түнеген аршасында күрең күн;
Сағынышым сарқыны кірпігімнен ішке еріп!

 

Х

Бозала таң өртеніп борбайында от алып,
Озан ойым ойбайлап, торғайымен түс көріп,
Оу,ғажайып, сон-а-у бір... көл шөліркеп көшкен кіл,
Шың мойнында ораулы аққулары ақ шәлі,
Көбік нілі шоққа ұқсап, көкіректе өшкен гүл,
Көне әуенді көп құстар мұңайтады қақсанып!
Жымиысың,көз жасың бөлекше бір көктеңбіл,
Балауыз күн астында мыс құймалы хас нәлі,
Қисық басқан ізіңді басқаратын өкшең бұл!!!
Бауырына жасырған жауырыны басқаның,
Пай-пай,деген баяғы қарап заман зарына,
Саңылауын жалайды санамыздың аспаны,
Қара жұлдыз көтерген дала - ғаламшарым-ау?!
Жатырына жасырған жасырынын жастанып,
Дара жолды кезетін қайран каламсабым-ау?!
Қиыс басқан ізіңді тиіс жаққа басқарып...

ХІ

Сынық талдай күндер-ай, құлыпталған,
Жұлынымды жуған ой, зәрі ұғылмай...
Кірпігіме кірбіңдей жұғып қалған,
Іркіндінің болар ма, һәрі мұндай;
"Күдеріңді үз, үніңді үзбе-е..." деген,
Күн тығылып білтенің жарығындай...
Күзбен жеткем өткелге - күзбен өлем!
Сіңірдегі сірескен қарығымды - ай?!
Іңірдегі түрімді іздеген ем???
Сыз таяғы түйрелген сары мұңдай,
көзедегі шарапқа жүзген өлең!
Күн жұғыны білтенің жарығындай...

 

ХІІ

Таяғымен түртініп маяда айығып,
Кірпігінде іркіліп үр тізбесі,
Жағал бетті жалайды аядай мұң,
Тағалы аттың тұяғы жұлдыз кешіп,
Ер-тоқымын жастанып жаяды айдын,
Ерке бұлттың етегі шыңда із кесіп,
Серке белдің қыратын саялайды
Үн!!!
Тұман желіп өтеді құндыз балақ,
Жыламсырап жайылып, түйе қайғым,
Түймеш-түймеш ніл қадап күндізгі алап,
Жұлығынан аялап сүйеді айдың?!
Бұлғын ғажап!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста