Ел жаңалықтары

- 30 °С: Қараша айына арналған ауар райы болжамы

  • http://luboznatel.ru/

    http://luboznatel.ru/

Қазгидромет синоптиктері қараша айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

 

Айдың бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8-13°С дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.

 

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.

 

"Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17-25°С дейін, күндіз -8-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

 

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады, күндіз оң мәндерге дейін әлсірейді. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.

 

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +10+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5-17°C, күндіз -2-7°C дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2090    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30