Қазгидромет 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Атап айтқанда қар жауып, бұрқасын соғады, желдің қарқыны - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы төмендейді.
Елдің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады.