-33°C: Алдағы күндері күн суытады

24 желтоқсан 2021, 18:10

"Қазгидромет" РМК 25-27 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшсі.

 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Яғни, ел аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жел және бұрқасын күтіледі.

 

Солтүстік өңірлерде қар жаууы ықтимал.

 

Ал батыста ауа температурасы аздап жоғарлайды. Мәселен, күндіз +3 градусқа дейін жылы болса, түнде -3 градустан -13 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Солтүстік-батыста түнде 7-23 градус аралығында, күндіз 2-11 градус аралығында аяз болуы ықтимал.

 

Солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33 градус болса, күндіз -10-26 градустан -5-15 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

 

Орталық пен шығыста да ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

 

Атап айтқанда, солтүстік-шығыста түнде 25 градус, күндіз 20 градус аяз болуы мүмкін.

 

Оңтүстік аймақтарда да сынап бағанасы -20 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста түнде -8 градусқа дейін, күндіз -10 градусқа дейін төмендейді.