-6 градусқа дейін аяз: Қазақстанның тоғыз облысында үсік жүреді

06 мамыр 2022, 19:54

Республиканың тоғыз облысында үсік жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 7 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында – солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ге кежеті. Түнде облыстың солтүстігінде – 3 градус аяз жүреді. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градустан 1-6 аязға дейін төмендейді деп болжанды.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 7 мамырға қараған түні топырақ бетінде 2 градус аяз болады. Қостанай облысында ауа температурасы түнде 5-10 градустан 1-6 аязға дейін төмендейді.

7-8 мамырда түнде Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында – жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 2-7 жылыдан 1-6 аязға дейін төмендейді.

8 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың шығысында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 6-8 мамырда ауа температурасы түнде 5-10 градустан 1-6 аязға дейін төмендейді.