Ел жаңалықтары

1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

  • 1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

    1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

Қыс маусымына сәйкес келмейтін шиналармен жүргендер үшін елімізде көлік жүргізушілеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлік құралдарының қауіпсіздігі үшін жазғы шиналарды қыс мезгілінде, ал қысқы тікенекті шиналарды жазда пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар шина резеңкесінің қалыңдығына байланысты да шектеулер болады.

 
Құжатқа сәйкес жазғы дөңгелек резеңкесінің биіктігі кемінде 1,6 мм, ал қысқысы 4 мм болуы шарт. Сонымен қатар дөңгелекте үш шыңды тау мен қар ұшқыны бейнеленуі тиіс және "М+S", "M&S" , "M S"таңбаларымен таңбалануы керек. Осы талаптарға сай дөңгелектерді қыста пайдалануға болады.

Жазғы доңғалақпен жүргендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2021 жылы бұл сома – 14 585 теңге, 2022 жылы – 15 315 теңге).

Айта кетері, полицейлер көлігінің доңғалағын ауыстырмағандарға тек қыстың үш айында айыппұл сала алады, қалған уақытта ескертумен шектеледі.

Айыппұлдан бөлек, мұндай көліктің иесі доңғалақты ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірінен айырылуы мүмкін.

Полиция сонымен қатар автомобильдер арасындағы қашықтық пен жылдамдық режимін сақтауды ескертті. Бұл жолдағы күтпеген жағдайларға байланысты туындайтын апаттың алдын алуға көмектеседі.

Stan.kz




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31