1 қазанда елдің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі

30 қыркүйек 2022, 17:04

Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында жаңбыр, солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста жолдарда көктайғақ күтіледі... Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Болжам бойынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +4...+6°С;
 

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +10...+12°С жылы;

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +20...+22°С жылы.