Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"1 млн теңге ауызбастырық ұсынған": Қызметкерін боқтап жіберген әкімнің басы дауға қалды

03 қараша 2019, 12:28

Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкіміне қатер төнді. Ақмола облысында ауыл әкімі қарамағындағы қызметкерлерін балағаттап, басы бәлеге қалды. Ал сөзі өтпегендермен төбелесіп алады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

әкім

Сурет: kstnews.kz

– Маған неге беріп жібермейсің….

– Кешіріңіз.

– Ей, … ақталма…

Естіген құлаққа түрпідей тиер сөзді Садовый ауылдың округінің басшысы қарамағындағы маманға телефон арқылы айтып тұр. Серік Әжібаевтің қылығы зығырданын қайнатқан болуы керек, маман оның боқтық сөздерін жазып алған.

Ғаламторды шарлап кеткен үнжазба мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жеткенде, қызметіне сасқан әкім өзі боқтаған маманға 1 миллион теңге «ауызбастырық» ұсынып, қолхат та беріпті. Әкімнің өзі мәселесі қаралған әдеп кеңесінде мұның бірін мойындаған жоқ. Десе де енді оның қызметінде қалуы екіталай. Кеңес Зеренді ауданы әкіміне Серік Әжібаевті жұмыстан шығаруға ұсыныс жасады.

"Бұл менің дауысым емес. Комиссиядан өз еркіммен қызметтен кетуіме мүмкіндік беруін сұраймын", - деп ақталды әкім.