Ел жаңалықтары

"1 млн теңге ауызбастырық ұсынған": Қызметкерін боқтап жіберген әкімнің басы дауға қалды

  • "1 млн теңге ауызбастырық ұсынған": Қызметкерін боқтап жіберген әкімнің басы дауға қалды



Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкіміне қатер төнді. Ақмола облысында ауыл әкімі қарамағындағы қызметкерлерін балағаттап, басы бәлеге қалды. Ал сөзі өтпегендермен төбелесіп алады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


әкім



Сурет: kstnews.kz


–  Маған неге беріп жібермейсің….


– Кешіріңіз.


– Ей, … ақталма…



Естіген құлаққа түрпідей тиер сөзді Садовый ауылдың округінің басшысы қарамағындағы маманға телефон арқылы айтып тұр. Серік Әжібаевтің қылығы зығырданын қайнатқан болуы керек, маман оның боқтық сөздерін жазып алған.


Ғаламторды шарлап кеткен үнжазба мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жеткенде, қызметіне сасқан әкім өзі боқтаған маманға 1 миллион теңге «ауызбастырық» ұсынып, қолхат та беріпті. Әкімнің өзі мәселесі қаралған әдеп кеңесінде мұның бірін мойындаған жоқ. Десе де енді оның қызметінде қалуы екіталай. Кеңес Зеренді ауданы әкіміне Серік Әжібаевті жұмыстан шығаруға ұсыныс жасады.


"Бұл менің дауысым емес. Комиссиядан өз еркіммен қызметтен кетуіме мүмкіндік беруін сұраймын", - деп ақталды әкім. 


 



 

 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 12:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30