Ел жаңалықтары

10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды

  • 10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды

    10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды

Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Жыл сайын қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында өтетін дәстүрлі науқан барысында 10 мыңға жуық алматылық емхана ауыстырды. Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

«Биылғы тіркеу науқанына 77 емхана қатысты, оның 4-еуі жаңа. Аталған клиникалардың бәрі де халыққа келер жылдан бастап қызмет көрсете бастамақ», - деді филиал басшысы.

Айтуынша, емхана ауыстырған азаматтардың 92% жеке меншік клиникаларды таңдаған. Бірақ кампания нәтижесі бойынша мемлекеттік емханаларға басымдық берген тұрғындар саны едәуір көп. Алматылықтардың көпшілігі «LS clinic» ЖШС, «Макиза» ЖШС, «Асмед» ЖШС, «A CLINIC» және «Алматы қаласының Орталық отбасылық емханасы» ЖШС тіркелген.

Филиал мәліметінше, азаматтардың емхана ауыстыру құқығы дәстүрлі кампаниямен шектелмейді. Заң бойынша емхананы тұрғылықты мекенжайын, жұмысын немесе оқу орнын ауыстырғанда, басқа жаққа қоныс аударғанда, бұрынғы емхана жабылған немесе қызмет көрсетуді тоқтатқан жағдайда да ауыстыруға болады. Сонымен қатар, әрбір тұрғын жылына 1 рет еркін таңдау құқығын пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы тіркеу науқаны барысында емхана ауыстырған азаматтар жаңа емдеу мекемесінің қызметін 2021-жылдың 1-қаңтарынан бастап пайдалана алады.

 

 

 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31