Ел жаңалықтары

105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-та қайтыс болды

  • 105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-та қайтыс болды

    105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-та қайтыс болды

АҚШ-та 105 жастағы Әсия Сардарбек қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-те журналист Дархан Өмірбек хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қызыл әскерден екі рет құтылып, Америкадан бір-ақ шыққан әжей Әсия Сардарбек дүниеден озды. Бұл туралы түнде оның келіні Фузия хабарлады.
"Кеше (27 қараша) сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды" деп жазды ол.

Совет одағына дейінгі кезде туған, одақтың ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр", - деп жазды автор. 

Айта кетейік, Әсия Сардарбек 1916 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туған. Екі рет Қызыл әскерден қашқан. Біріншісінде, 1920 жылы әкесімен бірге ұжымдастыру кезінде қашқан. Ол 15 жасында Ауған патшасы Захирдің ұрпағы Амири Мұхамедке тұрмысқа шыққан. 

Қызыл әскерден екінші рет Кеңес Одағы Ауғанстанға әскерін кіргізгенде қашқан. Кейін Түркияда, Германияда тұрған. Өмірінің соңғы 40 жылын АҚШ-та өткізген. Қарттар үйінде тұрғанымен, АҚШ билігі 101 жасқа келгенде оған пәтер мен күтуші сыйлаған.




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 16:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31