Ел жаңалықтары

11 қазанға арналған ауа райы болжамы

  • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы

    11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Антициклон жотасы республиканың батыс жартысына әлі де әсерін сақтағандықтан, сонымен  жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республиканың шығыс аумағында циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыс бөлігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, тұман түседі, солтүстігінде көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, түнде батысында, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31