Ел жаңалықтары

12 жастағы бала футболды нашар ойнағаны үшін суицид жасады

  • 12 жастағы бала футболды нашар ойнағаны үшін суицид жасады

    12 жастағы бала футболды нашар ойнағаны үшін суицид жасады

Қазақстанда сыныптастары тарапынан қысым көріп, қорланған жасөспірім өзіне қол салды. Мектеп оқушысына қатысты қайғылы жағдайды полицейлер айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мамыр айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар парламент мәжілісінде қаралады.

ІІМ өкілдері бала тәрбиесі мен оның психикасына теріс әсер ететін жайлардан сақ болуға шақырды.

«Тергеу тәжірибесінен нақты мысал келтірейін. Біздің еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы оқушы футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастары тарапынан қысым мен қудалауға ұшыраған. Футбол командасы бірнеше ойында жеңіліп қалып, оның кінәсін осы жасөспірімнен көрген. Бүкіл сыныптың футболды нашар ойнағаны үшін мазақ етуі баланың өзін – өзі өлтіруіне әкелді», – деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа алаңдаушылық білдірген полицейлер балаларға абай болуды ескертті.

«Қазақстандағы криминалды қылмыс тарихы көрсеткендей, ең жиі кездесетін сериялық қылмыскерлерді балалық шағында отбасынан және ортасынан көп қудалауға ұшырағандар. Мұндай жағымсыз жайттар біздің қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында көп орын алады»,- деді Қожаев.




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 22:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30