Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

12 ірі қара мен 130 қой өртеніп кетті

25 желтоқсан 2012, 12:36

Тілсіз жау – өрт тірнектеп жиған мал-мүлікті бір-ақ күнде жоқ етті. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында бір шаруашылық құрылымы отқа оранды. Өрттің аумағы 300 шаршы метрді құрады. Сөйтіп, 30 тонна шөп, 12 ірі қара, 130 қой өртеніп кетті.
Қуаныш НИЯЗ, Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қарқаралы ауданы Қоянды ауылында 23 желтоқсан, сағат 8.30 шамасында жекеменшік үй шаруа­шылығында өрт шықты. Өрт сағат 15.15-те өшірілді. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Өртті сөндіруге жеке құрамдағы үш адам және ТЖД-нің 1 техникасы жұмылдырылды.