Ел жаңалықтары

13 есе көп: Қазақстанда коронавирус салдарынан аналар өлімі көбейіп кетті

  • 13 есе көп: Қазақстанда коронавирус салдарынан аналар өлімі көбейіп кетті

    13 есе көп: Қазақстанда коронавирус салдарынан аналар өлімі көбейіп кетті

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 
Елімізде өткен жылға қарағанда ана өлімі көбейген. Мұның негізгі себебі келіншектердің коронавирус жұқтырып алуында. Мәселен, былтыр 8 айда 36 әйел қайтыс болса, осы жылдың қаңтар-тамызында 131 келіншек бақиға аттанған. Қайғылы жағдайлардың көбі Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Шымкентте болған. Марқұм болған әйледердің 40-ы ковидтің құрбаны екен.

«Осы жылдың 3-тоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ана өлімі де артты. Бүгінде жағдай тұрақты. Соңғы екі айда коронавирус инфекциясынан жүкті әйел қайтыс болған жоқ». 

Ана өлімінің көбеюі президенті де алаңдатып отыр. Жуырдағы жиында Мемлекет басшысы бұл фактілердің әрқайсысын тексеруді тапсырған болатын. Ал жалпы пандемия басталғалы 5423 әйел ковид жұқтырыпты. Бүгінде олардың 97 пайызы құлан таза айыққан. Ал жағымсыз статистиканы шығыс өңірі бастап тұр.

«Өңір бойынша 180 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Бұл - пандемия басталғалы бері есептегендегі көрсеткіш. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста жаңа туған 14 нәрестенің ПТР-тест нәтижесісі оң болып шықты. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, барлық тексерулер нәрестенің дүниеге келген алғашқы күнінде жасалады», - ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш.

Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін «Ахуалдық акушерлік орталық» ашылған. Онда тәулік бойы жағдайы ауыр келіншектерге көмек көрсетіледі. Бүгінде 3 жүкті ананың халі нашар дейді орталық мамандары.

«Осы 10 күн бойында біз 210 ұшақпен 210 көмек көрсеттік. 258 медициналық. Оның ішінде 488 акушерлік, ауырып жатқан екі қабат әйелдерге 488 әйел. Біреуінің жағдайы қатты ауыр. Екеуінің жағдайы ауыр хәлде десе де болады, қалыпты жағдайда», - деді ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы төрағасының орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев. 

Елдегі эпиджағдайға қарамастан, бэбибумның оң серпіні байқалады. Мәселен, биыл бала туу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артқан. Нәтижесінде дүинеге келген сәбилердлің саны былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көбейіпті.




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.11.2020, 19:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31