«14 күнге карантинге жабылады»: Бас санитар жаңа жарлыққа қол қойды

16 мамыр 2021, 22:54

Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kzSkifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасы – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне» сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Әкімдер, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) соңғы 14 күн ішінде Қазақстан Республикасына келген және Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулау (үй карантині) бұйырылады. Үй карантиніне оқшаулауда ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуына және COVID-19-қа қарсы вакциналануына қарамастан жүзеге асырылады;

2) соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралына барған адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауға алынсын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күнде Мальдив аралына барған-келген адамдардың тізімін берсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін берсін.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген, Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулауды бақылауды және медициналық бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00: 00-де күшіне енеді.