Ел жаңалықтары

150 балаға 2 тауық береді: Шымкенттегі мемлекеттік балабақшада жанжал шықты

  • 150 балаға 2 тауық береді: Шымкенттегі мемлекеттік балабақшада жанжал шықты

    150 балаға 2 тауық береді: Шымкенттегі мемлекеттік балабақшада жанжал шықты

Шымкентте мемлекеттік балабақшада шу шықты. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ата-аналар балбақша меңгерушісін жұмыстан шығаруын талап етуде. Олар азық-түліктің шектен тыс үнемделуі есебінен балалары аштан қалып жатқанын айтып шағымданған. Ал тәрбиешілер бастықтары тарапынан ұрып-соғу, қорлық көреміз деп наразылық білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

 Шымкент қаласындағы №36 балабақша тәрбиешісінің көмекшісі Әсия Дәуиева тағамдардың қалай дайындалатынын өз көзімен көргенін айтады.  

 
"Мен ас үйден тамақ алып келемін. Кейде тамақтардың қалай дайындалатынын көремін. 150 балаға екі тауық пісіреді. Тауықтың сорпасын бірінші тамақ ретінде ұсынады, соны қызметкерлерге де береді. Екінші тағамға суға піскен арпа немесе күріш қояды, үстіне пісірілген тауықтың етін салады. Осылай жалғасып жатқанына үш жылдан асты", - дейді ол. 

Тағы бір қала тұрғыны балалары балабақшаға барғалы бері аш қалып жүргенін айтып шағымданды.

"Қазір екі балам осы балабақшаға барып жүр. Біреуінің жасы 5-те, екіншісі 2-де. Үйге аш келеді, біз оларды үйге ертерек алып кетеміз. Жолда тамаққа байланысты шағымданып жылай бастайды. Дүкенге кіріп нан алуға тура келеді, үйге жеткенше соны жеп барады", - дейді Шымкент қаласының Құрсай ықшамауданының тұрғыны Калима Қазыбаева.

Балабақшаның қызметкерлері балалар аш қалмауы үшін үйден тамақ алып келетіндерін айтады. Алайда қызметкерлер де директордан "таяқ жейтін" көрінеді. Ол қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, кейде тіпті қол көтеретін көрінеді.


Қазақстанда екпе салдырмаған балалар балабақшаларға қалай қабылданады 


 "Кеше жиналыста үш қызметкерге: "Мұғалім емес - малсыңдар" деді. Сол уақытта орнынан тұрып Жұлдызды қолынан блокнотпен бір ұрды. Осылай күнделікті жалғасып жатыр. Жұмыстан шығарамын деп қорқытады", - дейді №36 балабақша тәрбиешісі Шарбат Саулекова. 

Алайда балабақша басшысы өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Оның сөзінше, бұл қасақана ұйымдастырылған әрекет. 

Балабақша меңгерушісі барлық мәліметті құқық қорғау органдарына айтатынын жеткізді. 

"Кешелі бері телефоныма хаттар келіп жатыр. Белгілі бір соманы жіберсем, ата-аналар да, қызметкерлер де наразылық білдірмейді деп жазып жатыр. Егер ақша жібермесем, адамдар осында жиналады деп айтты. Басқа ештеңе айтпаймын", - дейді Зина Молдакулова.

Жанжал уақытында оқиға орнына білім беру басқармасы келді. Адамдардың шағымдарын тыңдаған шенеуніктер мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтты. Ата-аналардың көбі директорды жұмыстан шығармайынша балаларын балабақшаға әкелмеуге шешім қабылдаған. 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31