Ел жаңалықтары

151 баланың әкесі: 16 әйел алған ер адам тағы да үйленгісі келетін айтты

  • 151 баланың әкесі: 16 әйел алған ер адам тағы да үйленгісі келетін айтты

    151 баланың әкесі: 16 әйел алған ер адам тағы да үйленгісі келетін айтты

16 әйелінен 151 бала сүйіп отырған Зимбабве тұрғыны тағы да үйленгісі келеді. Бұл туралы The Herald басылымы хабарлап отыр.

Мишек Няндороның жасы қазір 66-да. Оның 50 баласы мектепте оқып жатыр. Алтауы әскери борышын өтеп жүр. Екі баласы – полиция қызметкері. Қалған 11-і басқа кәсіптерді меңгерген. 13 қызы тұрмыста болса, 23 ұлы үйленген. Бір баласы әкесінен қалмай, төрт әйел алыпты.

Мишек Няндоро өміріне дән риза. Балалары күн сайын әкесіне сыйлық жасап, қаржылай көмек беріп тұрады екен. «Әйелдерімнің әрқайсысы дәмді тамақ пісіруге ұмтылады. Өйткені, мен тек өзіме ұнаған асты ғана жеймін. Дәмсіз тамақтарды лақтырып жіберемін», – дейді отағасы. Бұған әйелдері де ренжімейтін көрінеді. Керісінше, келесі жолы дәмді етіп тамақ пісіруге тырысады екен.

Мишек Няндоро он алтыншы әйеліне 2015 жылы үйленіпті. Бұдан кейін де ол үйленгісі келген, бірақ отбасындағы қаржылық қиындықтар қол байлау болған. Қазір ісі оңға басып, лайықты үміткер әйелді таңдап та үлгеріпті. Той маусым айына белгіленген.

Келесі жылы ол тағы да екі-үш әйелге үйленіп, бірнеше сәби сүюді көздеп отыр. «Соңғы алты жылда мен 22 баланың әкесі атандым. Мұнымен тоқтамаймын. Күш-қуатым тасып тұр. 18 жастағыдай қайраттымын. Бір түнде кем дегенде төрт әйеліммен төсектес боламын. Жатын бөлмелерді аралап шығу – менің басты жұмысым. Басқа жауапкершіліктерім жоқ. Олар менен қамқорлық көріп отыр. Бәрі де бақытты», – дейді Мишек Няндоро.




Көрілген: 2359    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.05.2021, 19:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30