Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді

27 желтоқсан 2022, 22:10

Еліміздегі 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Бұл туралы шетелде кадрлар даярлау жөннідегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Комиссия отырысы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
 Енді стипендияға ие болғандар әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алып, тағылымдамадан өтеді. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың дені шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді. Жиын соңында Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.