Ел жаңалықтары

18-20 мамырға арналған ауа райы болжамы

  • © Knews.kg

    © Knews.kg

Алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Қазгидромет" РМК болжамынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға суық және ылғалды ауа массалары ығысады. Соның әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы түседі.


"Ертең оңтүстікте, ал жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбіде солтүстік пен орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ресейдің еуропалық бөлігінен елдің батысына антициклон ығысатындықтан, бұл аймақтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ солтүстік тропосфералық ағындардың әсерінен ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.


Ірі мегаполистердегі ауа райы


Нұр-Сұлтан


18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +14, ал күндіз + 16 градус жылы болады;

19 мамырда күн ала бұлтты, түнде +8, күндіз +17 градус;

20 мамырда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде +10, күндіз +15 градусты көрсетеді.


Алматы


18 мамырда күн ала бұлтты, түнде +11, күндіз +20 градус;

19 мамырда да күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +13, күндіз +20 градус;

20 мамырда күн ашық, түнде +14, күндіз +22 градус жылы болады.


Шымкент


18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +18, күндіз +23 градус;

19 мамырда да аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде +17, күндіз +22 градус жылы;

20 мамырда күн ашық, түнде +16, күндіз +28 градус ыстық.


 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30