Ел жаңалықтары

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

    18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың батыс аудандарында ауа температурасы төмендейді. 

Cиноптиктер 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Республикамыздың батыс аудандарына солтүстік антициклон әсер ете бастайды – ауа температурасының төмендеуі байқалады. Қазақстанның қалған территориясына солтүстік-батыс циклоны өз әсерін сақтайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі, күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнап, батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Түрістан облысының тауларында найзағай, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
#ауа райы




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сенбі, 18.09.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31