Ел жаңалықтары

20. 02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

  • 20. 02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

    20. 02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

 Бүгін Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп тіркелген. Бұған себеп 20.02.20 датасы. 2020 жылдың 20 ақпанында 800 жұп отбасын құруға шешім қабылдапты. Өткен жылы бұл көрсеткіш төрт есе аз болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. КТК арнасына сілтеме жасап.

Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған.

Мәселен 20 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп болған.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жас жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп 65-70 жаста.

Жалпы жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ құрыпты.

"Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін қиды – 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке құрылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш", - дейді Әділет министрлігінің басқарма басшысы Маржан Дінғалиева.
Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, үйлескен сандары бар күні некеге отыру біздің елімізде ғана әлемде кең таралаған.

Мәселен биыл Қытай халқы ел аумағында таралған коронавирустан "2.02.2020" танымал датасына жоспарланған неке қию рәсімін кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 23:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30