Ел жаңалықтары

"20 қыркүйектен бастап оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшіріледі": Қазақстандықтар ақпаратты қызу талқылауда

  • "20 қыркүйектен бастап оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшіріледі": Қазақстандықтар ақпаратты қызу талқылауда

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңалықтар порталынан түсірілген скриншотты таратуда. Суретте 20 қыркүйектен бастап еліміздің барлық оқушылары мен студенттері онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық көрсетілген. Ақпарат жайлы құзырлы органдар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шын мәнінде, таратылған сурет графикалық редакторларда өңделген. Қашықтан оқыту форматына көшу туралы хабарламадағы қаріп жаңалықтар порталында қолданылатын қаріппен ерекшеленеді. Сонымен қатар хабарламада стилистикалық қателер бар. Tengrinews порталында жарияланған түпнұсқа ақпаратта ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіндегі валюта бағамының өзгеруі туралы ғана айтылады. Мақалада оқушылар мен студенттерді оқыту форматының өзгеруі туралы ескертулер жоқ.

 
Онлайн оқыту форматына көшу туралы ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де жоққа шығарды.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар офлайн режимде оқуда және оқуын жалғастырады. Егер сыныпта коронавирустық инфекция жұқтырған оқушы анықталса, онда тек осы сынып қана екі апталық карантинге жіберіледі. Мектептегі қалған барлық оқушылар оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады”, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, қашықтан оқытуға көшу туралы хабарламалар фейк, ал скриншот қолдан жасалған. 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31