20 мыңға жуық үй тонаған ұры үйді қорғауға арналған кеңестерімен бөлісті

08 мамыр 2022, 23:49

Британиядағы Манчестер қаласының тумасы Дэррил Кеннеди 20 мыңнан аса үйді тонаған. 9 жасынан ұрлықпен айналысқан ол үйді қорғауға арналған кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Manchester Evening News басылымына сілтеме жасап. 

Кеннеди қазір 58 жаста. Оның әкесі де құлып бұзумен кәсіби түрде шұғылданған. Ер адам тек Британия аумағында ғана емес, әлем бойынша ұрлық жасап, байлар мен танымал адамдарды тонаған. Төрт рет түрмеге қамалған ол бостандыққа мүлде басқа адам болып шыққанын айтады. 

Ұрылардан қорғану үшін Кеннеди үйге бейне бақылау камераларын орнатуға және бір-бірінің мүлкіне қарайласу үшін көршімен келісуге кеңес береді. Сөзінше, ұры бейне бақылаудағы жазбаны өшіріп тастай алады. Алайда көрші ғимараттағы камераға ештеңе істей алмайды екен.


Тірі ер адамды қапшыққа салып, мәйітханаға апарып тастаған
Ер адам бірден үш әйелге үйленіп, той жасаған

Сондай-ақ Кеннели бөлме аралық есіктерді де құлыптап жүруге кеңес береді. Бұл ұрыға басқа бөлмелерге кіруде кедергі жасайды екен. Әрі қапшық-орындықтардың ішіне бағалы заттарды жасырған жөн дейді. 

"Ұрылар алдымен жатын бөлмеге барады, себебі мұнда бағалы заттар сақталады. Оларға балалардың заттары керек, балалардың оянып кеткенін де қаламайды", - деп түсіндірді Кеннеди.