Ел жаңалықтары

2019 жылы Алматыда Алма-Арасан және Көк-Шоқы шағын аудандарына газ жүргізіледі

  • 2019 жылы Алматыда Алма-Арасан және Көк-Шоқы шағын аудандарына газ жүргізіледі

    2019 жылы Алматыда Алма-Арасан және Көк-Шоқы шағын аудандарына газ жүргізіледі

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматыдағы өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасы аясында 2019 жылы Алматы халқын толықтай газбен қамтамасыз ету үшін Дулати көшесімен 8 шақырымдық  орташа қысымы Ø325мм газ құбыры жүргізіледі.




Бұл газ құбыры Алма-Арасан және Көк-Шоқы шағын аудандарына табиғи газ қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Дулати көшесінің шығыс және батыс жақтарында бүгінде газды қолданып отырған 28 мың абонентті «көгілдір» отынмен қажетті көлемде қамтамасыз етеді.

Жер асты газ құбыры жүргізілетіндіктен Дулати көшесінде Әл-Фараби даңғылынан Алма-Арасан шағын ауданына дейін көлік қозғалысы аракідік шектеледі.




Қаланың осы секторындағы тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне аса қолайсыздық туғызбау үшін құрылыс жұмыстарын жолдың тек бір жақ бағытын ғана жауып, бөліп-бөліп жүргізу қарастырылған.

Барлық жұмыстар осы жылдың 1 тамызына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Қала тұрғындарынан бұл уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 18:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31