Ел жаңалықтары

2020 жылы қазақстандықтарға зейнетақы түрінде шамамен 2,5 трлн теңге төленді

  • 2020 жылы қазақстандықтарға зейнетақы түрінде шамамен 2,5 трлн теңге төленді

    2020 жылы қазақстандықтарға зейнетақы түрінде шамамен 2,5 трлн теңге төленді

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 млрд теңге және ынтымақты зейнетақыға 1 721,5 млрд теңге төленді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2020 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 211,7 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге &ndash 65,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге &ndash 146,1 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамды құрайды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл &ndash ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жыл болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31