Ел жаңалықтары

2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі

  • 2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі

    2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі



Үкіметтегі брифингте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр түсіндіріп өткендей, 3 мың пәтер 2021 жылға дейін жұмысшы жастарға беріледі, деп хабарлайды Stan.kz.


2021 жылға дейін жұмысшы жастарға 3 мың пәтер беріледі


"Мемлекет басшысының тапсырмасына келер болсақ, ағымдағы жылы біз Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастарға арналған 1 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Енді бұл жоспарлар қайта қаралды. Бұл қалаларда 2019, 2020 және 2021 жылы 3 мың пәтер беріледі", - деді министр.


Сонымен қатар, Роман Скляр мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтардың 7 санаты туралы еске салды.


"Әкімдіктерде бұл тізімдер жарияланады. Жаңа тетіктерге қатысты. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының съезде айтқан тапсырмасы бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар үшін 20 жыл мерзімге бастапқы жарнаның 10% - ы жылдық 2% - бен несие беріледі. Бұл құқықты  пайдалану мақсатында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар тиісті бағыттама алып, осы несие үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келуі мүмкін", - деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.


Оның мәліметінше, аз қамтылған азаматтар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысының өсуі Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізілетін болады. Осы санаттағы тұрғын үй құрылысын ұлғайту үшін жеке инвесторларды, жеке құрылыс салушыларды тарта отырып, жаңа тетік әзірленетін болады.


Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Қаладағы жарылыс салдарынан 3 адам көз жұмды. Арыстағы жарылыстардан көз жұмғандар саны үшеуден көп деген ақпаратқа ІІМ жауап берді


 



 

 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31