Ел жаңалықтары

2021 жылы бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізіледі

  • 2021 жылы бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізіледі

    2021 жылы бюджеттік жоспарлау қағазсыз жүргізіледі

 2021 жылы бюджеттік жоспарлау толықтай қағазсыз тәртіпте атқарылады. Бұл туралы Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бюджеттік инвестициялық жобаларды «Мемсараптама» РМК-мен интеграциялау жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжатнама – ол көп томдық күрделі қаржылық-техникалық құжат және оған қаржы бөлек бөлінеді. Кейіннен бекітілген соң, бюджеттік өтінімді келісу кезінде барлығы сканерден өткізіліп, өтінімге қоса беріледі. Осы орайда қажетті ақпаратты тез табу қиынға түседі. Біздің жоспарымызда бұл құжатты толықтай құрылымдау ескерілген, яғни жобалау-сметалық құжатнаманың электронды төлқұжатын жасау қарастырылған. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларды келісу мен жоспарлауды, жобалық құжатнаманы қарастыруды барынша ыңғайлы етуге жол ашады», - деді Еңсебаев. Оның сөзіне қарағанда, бұрындары жобалау-сметалық құжатнаманы электронды форматқа ауыстыру қызметімен «Мемсараптама» РМК айналысқан. Кейіннен бұл жұмыстар бәсекелестік ортаға беріліп, 25 мыңға тарта жобалау-сметалық құжатнама ешбір ақпараттық жүйеде тіркелмеген. Сондықтан Қаржы министрлігі жеке компанияларға өздерінің құжаттарын бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеуді міндеттемек. Өйткені бұл жүйе бюджеттік жоспарлау процесімен өзара байланыстырылған. Мұнымен қоса, вице-министр бюджеттік өтінімдерді Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеуді автоматтандыру жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ 2021 жылы бюджеттік жоспарлауды толықтай қағазсыз жүргізу ескерілген.


inform.kz




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 19:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31