Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

2022 жылдың басты түсі таңдалды

10 желтоқсан 2021, 10:02

Америкалық Pantone түстер институтының мамандары дәстүр бойынша 2022 жылдың басты түсін таңдады. Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар күлгін-қызыл реңктері қосылған көк түсті белгілеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап. 

"Күлгін-қызыл реңтері бар көк түсті Pantone 17-3938 Very Peri қуат мен жақсы көңіл күй сыйлап, сенімді шығармашылық қадамдар жасауға әсер етеді", - деп түсіндірді институт директоры Леатрис Эйсман. 

Pantone институтында оқшауланудан шыққан соң адамдардың ойы мен стандарттары өзгеретінін, шын және виртуалды өмірлер жаңа байланыс табатынын айтты. Мамандар ойын трендтері мен метағаламның дамуына, сандық әлемдегі шығармашыл ортаның дамуын қосып өтті. Олардың сөзінше, Very Peri түстердің шынай өмір мен сандық әлемде көрініс табуын бейнелейді.