Биылғы жылдың 11 айында елімізде 369 мың 140 бала дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Елімізде алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы - 20-21. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.
«Өңірлер арасында жоғарғы туу көрсеткіші, яғни жалпы туу коэфиценті Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарында жоғары. Ең төмен Солтүстік өңірлер. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Павлодар облыстарында төмен», - деді Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы Қайыр Рысбаев.
Сарапшылар 2022 жылғы ең танымал есімдерді жариялады. Ерлі-зайыптылар жаңа туылған ұлдарына Әлихан, Айсұлтан, Алдияр, Омар, Әмір деп есім қойған. Ал қыздарға таңдалғандардың қатарында Медина, Айша, Айлин, Асылым және Томирис есімдері бар.