Ел жаңалықтары

2024 жылға қарай еліміздегі 11 мың шақырым автожол ақылы болады

  • 2024 жылға қарай еліміздегі 11 мың шақырым автожол ақылы болады

    2024 жылға қарай еліміздегі 11 мың шақырым автожол ақылы болады

2024 жылға қарай еліміздегі 11 мың шақырым автожол ақылы болады. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ» Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазАқпарат тілшісі.

«2024 жылға қарай 11 мың шақырым автомобиль жолдарына ақы төлеуді енгізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 32 жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Төлемді енгізу инвестордың қаражаты есебінен, инвестициялық келісімшарт бойынша жүзеге асырылады. Өте маңызды мәселе - жолақы туралы айтуым керек. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ақылы жолдар ашылғанға дейін жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізіледі», - дейді Марат Сүлейменов Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасының тікелей эфирінде. Оның айтуынша, тыңдаулар кезінде жол ақысы және төлемнің ұсынылған әдістері талқыланады. «Төлем көлемін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі егжей-тегжейлі талдаудан кейін мақұлдайды. Көліктің қай түрі жол ақысын төлейтіні, қайсысы төлемейтіні жол санатына байланысты болады. Мысалы, егер жол екінші техникалық санатта болса, онда жол ақысын тек жүк көліктері төлейді», - дейді ол.




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 21:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31