22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді

25 қазан 2021, 13:46

22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.

 "Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.