Ел жаңалықтары

22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгереді

  • 22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгереді

    22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгереді

Ұлттық тасымалдаушы компания кейбір бағыттағы пойыздардың жүру кестесін өзгертіп отыр. Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша кейбір бағыттағы пойыздардың қозғалыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.


"Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол- Риддер" №375/376 жолаушылар пойызының жүру бағыты өзгереді. 2019 жылдың 22 мамырынан бастап, бұл пойыз Семей-Шар-Өскемен (Семей-Локоть- Өскемен орнына) темір жол учаскесінен өтетін болады. Сондай-ақ №086 "Нұр-Сұлтан-Сарыағаш" жолаушылар пойызының да бағыты өзгереді. Ол елордадағы "Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол" темір жол вокзалынан аттанып, осы вокзалға келетін болады. Пойыз кестесі туралы ақпаратты "105" анықтама телефоны арқылы біле аласыздар" , - деп жазылған хабарламада.


Тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарды алдын алу жоспарлау керектігін ескертеді. Билеттерді темір жол кассаларынан немесе ресми сайттан онлайн сатып алуға болады.Компания өкілдерінің айтуынша, билет сатып алған кезде бейтаныс адамдардың көмегіне жүгінуге болмайды. Компания өкілдері билеттердің заңсыз сатылып жатқанын көрген тұрғындардан Полиция департаментінің желілік полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.


 


 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 14:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30